ОҚО-да бастау алған «RIC ON KO’RME» жәрмеңкесі жалғасын табуда

Алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысында бастау алған «RIC ON KO’RME» атты жәрмеңке жалғасын табуда. Ерекшелігі – жәрмеңкеде тек қана «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылған тауар өндірушілері өз өнімдерін нарықтан төмен бағада сатуға шығарып отыр. Өйткені тауар өндірушілер үшін орындар тегін беріліп, сатушыға да сатып алушыға да компания барлық жағдайды жасап беріп жатыр.Ондағы мақсат, ауылшаруашылығы тауарларын халыққа өндіруші бағасымен тікелей қолжетімді ету болатын. Сонымен қатар, кәсіпкерлер, тұтынушылар және компания арасындағы үш жақты бейресми қарым-қатынасты нығайту және жақындату, қаржыландырылған жобалардың өнімдерін танымды болуына ықпал жасау және оларды ілгерілету қажет болып отыр. «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре және «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Данияр Арынғазинның айтуына қарағанда, енді бұл жәрмеңке əр екі аптада бір рет өткізіліп тұратын болады.

«Біз тек қана қаржы институты емеспіз, біздің компания даму институты болып есептеледі. Сондықтан, біз кәсіпкерлерге тек қаржы беріп қана қоймай, олардың кәсібін әрі қарай ілгерілетуге және дамытуға барынша қолдау көрсетеміз. Олар бізбен біз олармен бірге өсеміз», — деді Басқарма төрағасы Қ. Байтөре.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*