Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтарға еш нәрсеге күш салмай-ақ, әлеуметтік көмектің ең төменгі мөлшерін алу, не болмаса жобаға қатысып, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі туып отырғын айта кетпеуге болмайды. Сонымен қатар, жеке ісін (мал, құс және өсімдік шаруашылығымен шұғылдану) ашу үшін 3 айдың шартты ақшалай көмектің сомасын бірден алу таңдауы беріліп отырғанын да айтуымыз қажет.Сонымен қатар, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында жеке қосалқы шаруашылықты және кәсіпкерлік қызметті дамытуға біржолғы қаражат сомасын төлеу арқылы жәрдемдесу тиімділігін байқатып үлгерді. Қазіргі таңда «Өрлеу» жобасына қатысушылардың қатарында 400 біржолғы шартты ақшалай көмек алушы жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркеліп отыр. Мұнан бөлек, «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде шартты ақшалай көмек алушылардың кірісі 3,2 есеге өсіп отыр. Осының арқасында орташа алғанда адам басына айына 18,1 мың теңге межеледі.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да тауардың жаңа түрлерін экспортқа шығаруды қолға алып жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысы экспортқа жаңа тауар түрлерін шығаруды қолға алды. Вакуумдық түтікшелер, ортопедиялық құрал-жабдықтар мен МДФ плиталар осы өңірден шетелдерге саудаланатын болады. Жергілікті кәсіпкерлік басқармасы бұл тізімнің әлі де толыға түсетінін айтады. Дәл қазір Ресей, […]
ОҚО-да 9 айда 400 миллиардқа жуық ауылшарушылығы өнімі өндірілген
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіліп отыр. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтың айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында өңір шаруалары 376,5 млрд. теңгенің өнімін өндірген. […]
ОҚО тұрғындарының 90 пайызы ауыз сумен қамтылған
Оңтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендердің 73,2 % ауыз сумен қамтылған. Яғни, жергілікті халықтың 90 % бүгінде таза су ішіп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша Республикада оңтүстік 4 орында тұр. Осыған байланысты арнайы бағдарлама қабылданып жатыр. Алдағы […]
Пікір қалдыру