Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіліп отыр. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтың айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында өңір шаруалары 376,5 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Оның 172 млрд теңгесі мал шаруашылығына, ал 203,5 млрд теңгесі егін шаруашылығына тиесілі болып отыр. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 57 млрд. теңгеге артқан. Республика көлемінде ауыл шаруашылығы саласында облыстың үлесі 13 пайызды құрап, 2-орынды иемденіп отыр.«Облысымызда ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялардың көлемі 23,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 есеге артты. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндірудегі инвестиция көлемі 9,3 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге ұлғайып отыр. Сондай-ақ биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 211,4 млн. АҚШ долларына жетті. Ал, импорт көлемі 320 млн. АҚШ долларын құрады», — деді Серік Ордабекұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы 959 гектар жерде 11 индустриялды аймақтар жұмыс істеп тұр
Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстанның аудан, қалаларында жалпы ауданы 959 га құрайтын 11 индустриалды аймақ жұмыс істеп тұр. Онда 12 мыңнан астам жұмыс орнымен 170 жоба жүзеге асырылуда. Ал жобалардың жалпы құны 198,3 млрд теңге. Осы […]
ОҚО мен Иран арасындағы сауда айналымы 19 млн.АҚШ долларын құрайды
Иран Ислам мемлекеті – дамыған индустриалды-аграрлы ел, өндіріс, мұнай-газ саласы мен ауыл шаруашылығы дамыған. Едәуір экономикалық әлеуеті бар. Айта кетейік, 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының сыртқы тауар айналымы 1,9 млрд АҚШ долларын құраса, соның ішінде […]
ОҚО әкімдігі халықаралық компаниямен МЖӘ аясында бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев халықаралық «Industry and Engineering Corporation» компаниясының Басқарушы директоры Н.Роузенгари мырзамен кездесті.Соның нәтижесінде халықаралық компаниясы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі арасында өңірде инфрақұрылым, жол және денсаулық сақтау сынды бірқатар инвестициялық […]
Пікір қалдыру