ОҚО-да 70 мыңнан астам адамға 3,6 миллиард теңге ақшалай көмек берілген

Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында шартты ақшалай көмек 12813 отбасындағы 74705 адамға тағайындалп, жалпы сомасы 3,6 млрд теңгені құрағанын айта кеткен жөн. Еңбекке қабілетті 13846 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылып, оның ішінде 11528 адам немесе 89,7% тұрақты жұмысқа орналасып отыр.Министр Тамар Дүйсенова, облыс әкімдігінде өткен қорытынды жиын барысында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдерінің және өзге де жергілікті құзырлы мекемелердің уақытша науқандарға ұрынбай, жұмысты ұзақ мерзімге жеміс беретіндей сапалы жүргізуінің маңыздылығын атап өтіп, жалпы облыста тындырылған іс-қимылдарды оң бағалады. «Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарды жаңа жұмыспен қамту бағдарламасына белсенді тарту қажет. Аз қамтылған отбасыларды көптеп «Өрлеу» жобасына жұмылдыра алсақ, келесі жылдан атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипатын іске қосуға да дайындық деңгейі соншалық жоғары болмақ», — деді Тамара Дүйсенова.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*