Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының бағбандары 86,4 мың тонна алма жинады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы өңірде 654,8 гектар жерге қарқынды алма бауы отырғызылғанын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда өңірдегі қарқынды баудың жалпы көлемі 2 800 гектарға жетіп отыр. Алма өсіру – Оңтүстікте ауыл шаруашылығының басымды бағыттарының бірі екені баршаға аян. Өңірдің табиғаты қолайлы болғандықтан алма облыстың кез келген ауданында өсіруге мүмкіндік бар. Дегенмен бұл шаруашылықпен айналысуды Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Сарығаш, Ордабасы және Бәйдібек ауданының шаруалары мықтап қолға алып отыр. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында алма өсірумен айналысатын 100-ге жуық шаруа қожалықтары бар. Соның ішінде «Амангелді» ЖШС-гі ең ірісі саналады. Аталған серіктестік иелігінде бүгінде 530 гектар алма бауы бар. Ал, «Арсенал сад” ЖШС-гі 304 гектар жерде өз бауын жайқалтып отыр. Оңтүстік Қазақстанда өсірілген алма жемісі негізінен Қазақстанның өзге облыстарымен қатар Ресей мен Өзбекстанға экспортталады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақмолалық кəсіпкер оңтүстік тұрғындарын жұмысқа шақырады
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсеке қабілеттілік» атты Жолдауында еңбек нарығын жаңғыртуды өз еркімен жүзеге асыруды айтып, еңбек күші мол аймақтан жұмыс қолының тапшылығы сезілетін өңірге қоныстандырып еңбек нарығының тепе- теңдігін сақтауды […]
Оңтүстікте 77 тұрғын үйдің құрылысына 25 миллиардтан астам қаржы бөлінді
Оңтүстік Қазақстан облытық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында өңіріміздің тұрғын үй саласы бойынша 77 нысанның құрылысына 25,6 млрд. теңге бағытталып, жалпы алаңы 208,6 мың шаршы метрді құрайтын 3 434 пәтерлі 72 үй пайдалануға берілетіні мәлім […]
Оңтүстікте ашылған робот техникасын құрастыратын мектепте балалр 4 ай білім алады
Оңтүстік Қазақстан облысында ашылған робот техникасын құрастыратын мектепке балалар 5-7 жастан қабылданады. Оқу мерзімі 4 айға созылады. Білім алу ақысы — айына 15 мың теңге. Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм бағдарламасы өкілдерінің айтуынша, «Бизнестің жол […]
Пікір қалдыру