Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай, өңірдегі тарихи орындарды дамыту жоспарымен таныстырды. Облыстағы туристерге қызықты тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі ол Қазығұрт тауы болмақ. «Қазығұрттағы төбенің басына Нұқ пайғамбардың кемесі іспеттес ғимарат саламыз. Ол жерге келген туристер жаяу және темір жол немесе қанатты жолдар көтерілетін болады. Төменгі жағында үлкен алаңша болуы қажет. Келген түристер демалады. Сонымен қатар, мерамхана, дәмханалар салынады. Сол аңыздың негізінде Қазығұрт тауы үлкен туризм орталығына айналады» деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.Сонымен қатар, өңір басшысы Жансейіт Түймебаев мырза бұның барлығы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқанын шегелеп айтты. Оның үстіне бұл өз елімізді, жерімізді қадірлеу болса, екінші жағы туризм арқылы табыс табу. Оның үстіне осы арқылы бүткіл әлем бізді танитын болады.
Ұқсас жаңалықтар
САРАПШЫЛАР ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ КЕЛБЕТІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев сәулет саласына қатысты мамандармен бейресми кездесу өткізді. Құрамында Қазақстанның халық суретшісі Ерболат Төлепбай, Қазақстан Республикасы Сәулетшілер Одағының вице-президенті Бақытжан Әшірбаев, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов және […]
ОҚО-да әлеуметтік сауда орталықтары ашылады
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев селекторлық режимде өткен аппараттық жиында азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру және тауар өндірушілер мен диқандарға өз өнімдерін саудалауға мүмкіндік беретін әлеуметтік базар ашуды аудан, қала әкімдеріне тапсырды.«Әлеуметтік маңызы бар […]
Бәйдібек ауданында 43 мың гектарға мақсары егілді
Бүгінгі таңда Бәйдібек ауданы мақсарысымен аты шыққан өңір екені әмбеге аян. Қазірде бұл дақылға шетелден де сұраныс аса көп. Былтыр ауданда 23 мың гектарға мақсары егілгенін айта кетейік. Сонымен қатар, биыл оның көлемі 43 мың […]
Пікір қалдыру