Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай, өңірдегі бірнеше тарихиа орындарды дамыту жоспарымен таныстырды. Ондай жерлерге әйгілі көне Отырар қалашығы, Арыстанбап пен Ордабасы биігі де кіріп отыр.«Туризмдегі еңбасты мәселе тек тарихи орын емес, туристер келген кезде оларға ыңғайлы жерлер болуы керек. Нақтырақ айтқанда, адам тоқтап демалатын, су ішетін, кәдесыйлар сатып алатын жерлер. Міне Отырарға кіреберіс, шығаберіс жерлерге осындай нысандар салу жоспарда бар. Солар болашақта Отырар мен Арыстанбабта жасалынатын болады» дейді өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы.Сонымен қатар, алдағы уақыта Ордабасыға кіргенде үлкен алаңдар болатын көрінеді. Себебі, Ордабасы қорығының аумағы 1170 гектарға жетеді. Қазіргі таңда, төбенің ең биік жерінде стелла тұр.Сол стелланың атырабының барлығын жақсылап абаттандыру көзделіп отыр екен. Болашақта, халқымыз, ұрпақтарымыз осында келіп тағзым ететін жерге айналдыру жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі: Мемлекеттік қызметкердің жұмысында ең басты көрсеткіш – халыққа дұрыс қызмет көрсету
ОҚО-да соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша ХҚКО арқылы 541 816 электронды қолтаңба берілген. Алайда электронды қызметтердің үлесі әлі де төмен. Себебі қызмет ұсынушы мемлекеттік органдар тарапынан электронды қызметтерді алу жолдары тұрғындарға өз деңгейінде насихатталмайды. Бұдан […]
Жыл басынан бері ОҚО-ға келген туристер саны екі есеге жуық артқан
2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келгенін айта кеткен жөн. Оның 3600-і (2016 ж. І жарты жылдығында 2883 шетелдік турист келген) […]
Ж.Түймебаев оңтүстікқазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған «Айбары асқақ — Ата заң» салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік жиынға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев барша өңір жұртшылығын мерекемен құттықтап, 15 азаматты […]
Пікір қалдыру