Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Сайрамдағы Ханқорған төбесінің маңында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өтетін алқалы жиығда келген археолог ғалымдар мен сәулетшілерге, ақсақалдарға Түркістанның даму коцепциясын көрсетті. Өңір басшысының айтуынша, киелі Түркістан шаһары айналасында тарихи-ескерткіштерден құралған туристтік аймақ құрылмақ.«Болашақта Түркістан аймағы құрылады. Атап айтқанда Түркістанның төменгі жағында Арыстанбаб, мына жағында Отырар, тау жақта Үкаш ата, жоғарғы жағында Сауран, бір жағында Оқсыз. Сонда осы бес үлкен тарихи ескерткіш болған қалашықтардың ортасында Түркістан болады. Осында келген туристер айналып жүре береді».Яғни, оңтүстіктегі тарихи орындарды тамашалауға келген туристер жүріп өтетін арнайы маршруттар сызылып жатыр. Болашақта сол жол бойындағы көне қалашықтарды қайта қалпын келтіріп, ашық аспан астындағы музейге айналдыру көзделіп отыр. Тіпті, археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп, табылған жәдігерлермен бұл қалашықтардың құндылығын арттыру да көзделіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Шымкенттегі «Қазыбек» әмбебап базарын Бозарық жаққа көшіруді тапсырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласын аралап жүріп, күтпеген жерден Бәйдібек би және Қонаев көшесінің қиылысында орналасқан «Қазбек» әмбебап базарына соқты. Саудагерлермен тілдескен әкім базарды жыл соңына дейін Бозарық шағын ауданы маңында салынып […]
Ж.Түймебаев: Кино жай ғана өнер емес, ол қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын негізгі құралдың бірі
Кино – кез келген мемлекеттің мәдени айнасы екенін, Шымкентте басталған түрік киноларының апталығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев айтты. Ол халықтың тұрмыс-салты мен дәстүрін дәріптейтін құрал болып саналатынын жеткізді.«Бүгінде бүкіл әлем кино мен телехикая […]
ОҚО әкімі көшбасшы жастармен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Жас Отан» Жастар қанатының ІV Съезі аясында «Жастар Отанға!» саяси лагеріне арнайы қатысу үшін келген көшбасшы жастармен дөңгелек үстел басында кездесті.Кездесуге республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Д.Сүндетбаев, ҚР Дін […]
Пікір қалдыру