Оңтүстікте 77 тұрғын үйдің құрылысына 25 миллиардтан астам қаржы бөлінді

Оңтүстік Қазақстан облытық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында өңіріміздің тұрғын үй саласы бойынша 77 нысанның құрылысына    25,6 млрд. теңге бағытталып, жалпы алаңы 208,6 мың шаршы метрді құрайтын 3 434 пәтерлі 72 үй пайдалануға берілетіні мәлім болды. Бұл жайлы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов айтты.«Инженерлік — коммуникациялық инфрақұрылым саласы бойынша 20 нысанның құрылысына 1,9 млрд. теңге қарастырылып, 16 нысанды іске қосу жоспарлануда. Халықты көгілдір отынмен қамту мақсатында 67 нысанның құрылысына 14,4 млрд. теңге қарастырылып отыр. Нәтижесінде 28 елді мекендегі 64 844 адам газбен қамтамасыз етіліп, қамтылған елді мекендер саны 372-ге жететін болады. Және де электр энергиясы бағыты бойынша 12 нысанның құрылысына 2,9 млрд. теңге қарастырылып, 16 елді мекен сапалы электр энергиясымен қамтылады»,-деді А.Сәбитов.

Сонымен қатар, тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мақсатында 33 жобаны іске асыру үшін  6,0 млрд. теңге қарастырылған. Осының нәтижесінде 16 жоба іске қосылып,13 елді мекен ауыз сумен қамтылып, жалпы қамтылған елді мекендер саны 636-ға жетеді деп күтілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*