Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы қалыпты алма баудың әр гектарынан 20-30 тонна өнім алынып жатқанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, қарқынды баудан 40-50 тоннаға дейін өнім жинауға болады. Сондықтан бүгінгі таңда мемлекет қарқынды баумен айналысам дегендерге қолдау көрсетіп жатыр. Мұнан бөлек, қарқынды баудың әр гектарына сапасына қарай 1 миллионнан 2,8 млн ға дейін субсидия берілетінін айта кету керек.Сондай-ақ, білсеңіздер отырғызылған жемістің әрбір көшетіне 135 теңге субсидия қаралған. Ал, жай баудан тек алманың апорт сұрыпына ғана субсидия беріледі. Оның да өзіндік талаптары бар. Өйткені, мұндай бау теңіз дегейінен 900 метр биіктікте болуы шарт. Сонымен қатар егіс көлемі 5 гектардан кем болмауы тиіс. Ал оның әр гектарына 549 мың теңгеден бастап субсидия алуға болады. Бүгінгі күнде облыс бойынша жалпы жеміс-жидектің егіс көлемі 14,4 мың гектарды құрайды. Ағымдағы жылы 108 мың тонна жеміс (2016 ж — 91.3 мың тн) жиналған.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО мен Шарджа арасында сауда-экономикалық, бауырластық-ынтымақтастық орнамақ
Болашақта Оңтүстік Қазақстан облысы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мәдени астанасы Шарджа қаласы арасында бауырластық-ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды. Бұл жайлы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы мен Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама […]
ОҚО алдағы уақытта 701 елдімекенді ауыз сумен қамтуды көздеп отыр
Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасындағы «Әкім сағаты» бағдарламасына тікелей эфирде берген сұхбатында мәлімдеді. Өңір басшысы тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты сұрақтарына да жауап берген болатын. Облыс әкімінің айтуынша, […]
ОҚО 400 мегабайт электр қуатын тұтынады
Бүгін Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Мемлекеттің энергетика саласының көкейкесті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы энергетика ардагерлерінің форумы өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев еліміздегі жаңғырмалы энергия көздерінің қазіргі жағдайы және […]
Пікір қалдыру