ОҚО алдағы уақытта 701 елдімекенді ауыз сумен қамтуды көздеп отыр

Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасындағы «Әкім сағаты» бағдарламасына тікелей эфирде берген сұхбатында мәлімдеді. Өңір басшысы тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты сұрақтарына да жауап берген болатын. Облыс әкімінің айтуынша, өлкеміздегі елді мекендер 73 пайыз ауыз сумен қамтылған.Бұл жоғары көрсеткіш. Яғни, бұл көрсеткіш бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы республикада 4-ші орында тұр екен. Арнайы қабылданған бағдарламаға сай алдағы жылдары бұл көрсеткішті 10 пайызға өсіріп, 83 пайызға көтеруді көздеп отыр. Дәлірек айтқанда, облыстағы 844 елді мекеннің 701-і, ауыз сумен қамтылатын болады.«Қазақстан-Шымкент» телеарнасындағы тікелей эфир барысында әкімге жол құрылысына қатысты да сауалдар қойылды. Белгілі болғандай, Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 569 нысан немесе 1452 шақырым жол мен көше, 3 жаяу жүргіншілер өткелдері және 19 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Ол үшін бюджеттен 30 миллиард теңгеге жуық қаржы қаралған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*