Ақмолалық кəсіпкер оңтүстік тұрғындарын жұмысқа шақырады

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсеке қабілеттілік» атты Жолдауында еңбек нарығын жаңғыртуды өз еркімен жүзеге асыруды айтып, еңбек күші мол аймақтан жұмыс қолының тапшылығы сезілетін өңірге қоныстандырып еңбек нарығының тепе- теңдігін сақтауды міндеттеді. Бұл ретте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан өңірдің халқы тығыз орналасқан аудан, қалаларынан Ақмола облысына қоныс аудару жөнінде ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойылғанын айта кеткен жөн. Осы ретте Ақмола облысы, Көкшетау қаласы «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері өз еркімен қоныс аударушылармен кездесуді бастап кетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс əкімінің орынбасары Е.Садыр мəлім етті.Оның айтуынша, полимерлі қаптама шығаратын компания басшылығы облысқа арнайы келіп, күнгейден 600-ден аса жұмысшыны зауытқа шақырып жатқанын айтты. Серіктестік кеден одағының нормаларына сәйкес полипропилен қаптары мен жұмсақ контейнерлер шығаратын зауыттардың бірі саналады. 2003 жылы құрылғаннан бері Новопэк полимерлі орау шешімдерін әзірлеуге, өндіруге және жеткізуге маманданған. Қазіргі кезде ауданы шамамен 45 мың шаршы метрді құрайтын өндірістік кешенде 600 адам жұмыс істейді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*