Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы Түркістан қаласындағы «Отырар» шағын ауданында 120 пәтерді құрайтын 2 үй және ҚИК есебінен 144 пәтер пайдалануға берілген болатын. Бүгін жалпы саны 480 пәтерді құрайтын көпқабатты сегіз үй «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында облыс бюджетінен бөлінген 3 млрд. 109 млн. теңге қаржыға салынған. Мұнда қоныстанған отбасылардың балалары үшін қазіргі күнде балабақша, мектеп мәселесін шешу қарастырылып отыр. Ол үшін жергілікті билік мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 280 орындық балабақша ғимаратының құрылысын бастамақ. Ал келер жылы осында 900 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілетін болады. Бұл құрылыстардан басқа жаңа ауданда 200 орындық балаларға арналған психологиялық-түзету орталығы салынуда.Сонымен бірге, қаладағы 5 мыңға жуық азаматтардың тұрғын үйге деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Отырар» шағын ауданынан «Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы тағы да 6 үйдің құрылысы жүргізілмек. Келер жылы жоспарланған 20 көпқабатты тұрғын үй салынса, одан бөлек 150 коттедж бой түзейді. Айта кетерлігі, қаланың әкімшілік іскерлік орталығы да осы шығыс бөліктен бой түзейтін болады.
Ұқсас жаңалықтар
Киелі Түркістанда латын графикасына көшудің тиімділігі айтылды
Бүгін Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің оқытушылары мен студенттер қауымы латын графикасына көшудің тиімділігін туралы әңгіме өрбіді. Осы орайда, қоғамның талқылауына түскен латын әліпбиінің Ақордада ұсынылған нұсқасын ұжым болып тақылады.Жиын барысында баяндама жасаған «Инженерия» факультетінің […]
Түркістандықтар мешітке қолдау көрсетті
2015 жылы Түркия Республикасы тарапынан тарту есебінде салынған «Түркістан Ахмет Ясауи» орталық мешітін күтіп ұстауға және оның коммуналдық шығындарына орта есеппен жылына 19 миллион теңгеге жуық қаржы қажет. Осы шығындарды өтеуге мешіт жамағатынан түскен қаржы […]
Түркістанда «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің шымылдығы ашылды
Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шараны ҚР Мәдениет және […]
Пікір қалдыру