Шымкент қаласында тұратын жастарды жұмыспен қамту мақсатында «екі қолға бір күрек» іздеген, қолында маман иесі атанғанын қуаттайтын дипломы бар оқу орындарының түлектерін «Жастар практикасы» шақырады. Сонымен, Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты аясында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын жастар практикасы ұйымдастырылып жатқанын назарларыңызға жеткіземіз. Жастар практикасына қатысу үшін қойылатын талаптар:
1. 29 жастан аспаған түлектер;
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектер;
3. Оқуды аяқтағаннан соң 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;
Жастар практикасының ұзақтығы — 6 ай көлемі боп бекітілген.
Қандай да бір қосымша мәлімет алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:
Абай ауданы: 87028188009, 87752470855, 87058997588, 87760101901, 87053516076
Қаратау ауданы: 87022502769, 87071069790, 87752141188, 87785805054, 87756442313
Еңбекші ауданы: 87015705445, 87473491800, 87079709090, 87752389028
Әл-Фараби ауданы: 87071472087, 87058519000, 87081791987, 87762180227, 87026967696
Пікір қалдыру