Айдар Жақыпов: Оңтүстіктен жұмысшыларды отбасыларымен бірге жұмысқа қабылдаймыз

Бүгінгі күні компания басшысы Көкшетау қаласындағы зауытта жұмыс істегісі келетін азаматтар болса, оларға барлық жағдайды жасаймыз деп сендірді. Оның сөзінше қазір зауытта жұмыс күшінің жетпеуі салдарынан көптеген қондырғылар тоқтап тұр. Ал егер қосымша 600 ден астам жұмысшы келсе өнімділікті екі есеге дейін арттырып, еуропа нарығына да шығуға мүмкіндік бар. Яғни қазір айына 6 млн данадай қап тігілсе, оның көлемі 11 млн-ға дейін артады.«Зауытқа негізінен үш мамандық бойынша, машинистер, операторлар мен тігіншілер қажет. Келген жұмысшыларды алдымен арнайы курстарда оқытып, ол кезеңге 40 мың теңгеден стипендия береміз. Одан кейін жұмысқа қабылданып, жатақханамен қамтылады. Жалақылары 80-150 мың теңгенің аралығында. Тамақтардың бағасы 300 теңгеден аспайды. Қазіргі таңда зауыттың жанынан тұрғын үй кешені салынуда. Ол жерге 300-дей жұмысшы қоныстанатын болады. Сондықтан біз жұмысшыларды отбасыларымен де келсе қабылдаймыз. Алдағы уақытта оларға қала аумағынан үй іргелік жер бөлу мәселесі де қаралып жатыр», — деді Айдар Жақыпов.

Төрткүндік сапары барысында зауыт басшылығы Түркістан қаласы мен Сайрам, Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездеседі деп күтілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*