Түркістанда 200 орындық оқу ғимараты пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласының орталығындағы «Сауран» ықшам ауданында 1933 жылы салынған бүгінде Нәзір Төреқұлов атымен аталатын мектеп жанынан типтік үлгідегі 200 орындық жаңа ғимарат пайдалануға берілгенін айта кетуіміз керек. Осы игілікті шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев мектеп ұжымы мен барша оқушыларға сәттілік тілеп, жаңа оқу ғимаратынан заман талабына сай саналы ұрпақтың тәрбиеленуіне тілектестігін жеткізді.2016 жылы құрылысы басталған білім ошағының  оқу ғимаратында 10 сынып бөлмесі, асхана, спорт залы мен мәжіліс залы және медициналық пункт қарастырылған. Жобаның құны 374 миллион. теңгені құрап отыр.

Күні бүгінге дейін аталған мектептің ескі ғимараты жетіспегендіктен, кеңсе тәуелсіздік жылдарына дейін жұмыс жасап келген «Жұлдызша» балабақшасының ғимараты шәкірттердің сыныбы ретінде пайдаланылып келген. Осындай орындарда тәлім алған 1179 оқушының алдағы күндері алаңсыз білім алуына толық жағдай жасалып отқаны қуанарлық жағдай екеніін айта кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*