Түркістан қаласының «Қала күні» және «Алтын күз» мерекелері аталып өтті. Дүбірлі тойдың басында қала қонақтары және зиялы қауым өкілдері арнайы дайындалған автобуспен қаладағы құрылыс нысандарымен танысты. Соның ішінде қайта жаңғыртылған Н.Оңдасынов кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Аталмыш кешен бастапқы кейіпінен өзгеше түрге енген. Жасыл газонмен көмкерілген орында демалыс бастырмалары, жарықшамдар, аяқжол, орындықтар және кіреберіс жеріне соңғы үлгідегі құрылыс материалдарымен қапталған арка орнатылған. Жаңаша кейіпке енген кешенді тамашалаған көпшілік қала орталығының көркейіп келе жатқанына ризашылықтарын білдірді. Осылайша бастау алған мерекелік жиында қатысушылар қаладағы М.Әбенова, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы, Б.Майлин, О.Жандосов көшелерінің абаттандыру жұмыстарымен танысты. Негізгі көшелер болып табылатын жолдардың жиегіне аяқжолдар, лотоктар, жарық бағаналары мен сол бағанаға ұлттық нақышта өрнектелген оюлар ілінген. Бұдан бөлек жаңадан бой көтеріп жатқан «Рәміздер алаңы», «Түркі бағы» аллеяларының таныстырылымы болды. Айта кетерлігі «Рәміздер алаңы» аллеясында биіктігі 62,5 метрді құрайтын алып ту орнатылған. Бұл еліміздегі өзге қалаларда бой көтерген тулардың биіктігімен салыстырғанда қасиетті мекендегі ту үшінші болып саналады. Ел азаматтарына рух беретін бұл нысанның бой көтеруін осы күннің өзінде қала халқы жақсылыққа балап, мемлекеттік рәміздерді көрген жас ұрпақтың патриоттық рухының жоғары болатынын, туған жерге деген мақтаныш сезімінің жоғары тұратынын айтуда. Сол секілді, Н.Назарбаев көшесін бойлай орын тепкен «Түркі бағы» аллеясының да өзіндік мән-мазмұны жоғары. Биылғы жылы түркі әлемінің мәдени астанасы атанған Түркістанда түркі халықтары бірлігіннің белгісі ретінде бой көтерген аллея бауырлас халықтардың символына баланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістандық спортшылар Ашхабадтан олжалы оралды
Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жалауы көтерілген жабық ғимараттағы Азия ойындарынан ел құрамасы сапында өнер көрсеткен түркістандық спортшылар да олжамен оралды. Сайыпқырандарды Түркістан темір жол вокзалынан жергілікті спорт сүйер жұртшылық салтанатты жағдайда күтіп алды. Ә.Нұрмаханов атындағы […]
Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде спорт кешені ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Түркістан қаласына жасаған сапары барысында Елбасы айтқан ұлттық сананың жаңғыруы осы рухани қаладан басталу қажеттігін айтты.Жұмыс сапары аясында Ұласбек Сәдібекұлы бастаған арнайы топ ең алдымен №15 М.Жұмабаев атындағы […]
Венгриялық антрополог Андраш Биро «Әзірет Сұлтан» қорық-музейімен танысты
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне венгриялық антрополог, Венгрия антропологиялық институтының профессоры, Венгр-Тұран қорының төрағасы Андраш Жолт Биро келді.Көптеген жылдан бері қазақтар мен мажарлардың туыстық қарым-қатынасын зерттеп, түркі халықтарының тарихы туралы ғылыми зерттеулермен айналысып келе жатқан əйгілі […]
Пікір қалдыру