Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Түркістан қаласына қарасты Құмтиын елді мекеніндегі «Құлыншақ» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты. Құрылысы өткен жылы бастау алған бүлдіршіндердің алтын ұясы ауыл тұрғындары үшін күрделі мәселенің бірі болып келген. 1825 тұрғыны бар Құмтиын елді мекеніндегі мектеп жанындағы шағын орталықта 80 бала тәрбиеленіп келген. Ендігі жерде 120 орындық типтік үлгідегі балабақша ғимараты мұндағы күрмеулі мәселенің шешіміне баланып отыр.Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапарында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев сүт өнімдерін қайта өңдейтін «Мұзды тау» өндіріс орнының жұмысымен танысты. 2013 жылдан бері балмұздақтың 30 түрін шығаратын өндіріс орны өнімдерін еліміздің 5 облысына таратып келеді. Жалпы құны 450 млн. теңгені құрайтын жобаның жылдық қуаттылығы 900 тонна өнім шығаруға қауқарлы. 2016 жылы кәсіпорын 118,6 млн. теңгенің өнімін өндірсе, биыл 140 млн. теңгенің өнімін нарыққа шығаруды межелеп отыр. Мұнда 50 адам жұмыспен қамтылған.Тұрғындарды жұмыспен қамтып, қала экономикасының дамуына үлесін қосып отырған кәсіпорынға аймақ басшысы оң бағасын беріп, шағын кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы жас азаматтарға мемлекеттен берілетін қолдауларды кеңінен насихаттауды қала әкіміне айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістандық қариялар қаланың көрікті жерлерін аралады
Түркістан қаласының «Қала күні» және «Алтын күз» мерекелері аталып өтті. Дүбірлі тойдың басында қала қонақтары және зиялы қауым өкілдері арнайы дайындалған автобуспен қаладағы құрылыс нысандарымен танысты. Соның ішінде қайта жаңғыртылған Н.Оңдасынов кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Аталмыш […]
ОҚО әкімі Түркістанды туризм орталығы ретінде дамыту концепциясымен таныстырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Сайрамдағы Ханқорған төбесінің маңында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өтетін алқалы жиығда келген археолог ғалымдар мен сәулетшілерге, ақсақалдарға Түркістанның даму коцепциясын көрсетті. Өңір басшысының айтуынша, киелі Түркістан шаһары айналасында тарихи-ескерткіштерден […]
Түркістандағы Яссауи кесенесінде туристік полиция өз жұмысын бастады
ҚР Премьер-министрі А.Маминнің 2019 жылғы 4 наурыздағы тапсырмасы және ҚР-ның туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға сәйкес, туристер көп баратын облыстарда туристік полиция құру жөніндегі жол картасын бекітілген болатын. Осыған орай, […]
Пікір қалдыру