Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша «Қасиетті Қазақстан» орталығының директоры Берік Әбдіғаниұлымен кездесу өтті.Маңызды кездесудің мақсаты — Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» мақаласындағы көзделген мақсаттарды жүзеге асыру болып табылады. Шараға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы, өңірімізде тарихи-өлкетану жұмыстарымен айналысып жүрген ғалымдар мен жазушылар, өлкетанушылар қатысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы жергілікті атқарушы органдарға тапсырылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында өңірлік комиссия құрылып, олардың жанынан жұмысшы топтары жасақталған болатын. Аталған жоба аясында облыстағы қасиетті, киелі жерлердің тізімі анықталып, олардың өңірлік картасы дайындалды.Қазіргі таңда облысымызда тарихи-мәдени маңызы бар 1281 ескерткіш есепке алынған. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне 2003 жылы Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі» сәулеттік ескерткіші енгізілген. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы тарапынан аталған тізімге енгізуге ұсынылған 23 ескерткіштің ішінен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 8 ескерткіш кірді. Олар: Жуантөбе, Қараспантөбе, Күлтөбе, Сидақ, Сауран ежелгі елді мекендері, Бөріжар қорымы, Отырар оазисінің ескерткіштері, Түркістан қалашығы. Кездесуде адам көп шоғырланатын киелі мекендер жайын анықтау, насихаттау, терең зерттеу мəселелері сөз болды.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстікте ауыз су жүйесін салуға республикалық бюджеттен 5 миллиардқа жуық қаржы бөлінген
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ауыз су жүйесін салуға республикалық және облыстық бюджет есебінен 4,7 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп, 25 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 5 елді мекен халқы жаңа ауыз су […]
Шардара су қоймасы жағалауынан 60 туристтік нысан салынбақ
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов мәлім етті. Оның айтуынша, ауданда туризм саласын дамыту мақсатында Шардара су қоймасы жағалауынан 60 нысан іске қосылып, оған 6,7 млрд. теңгеден астам […]
Шардара су қоймасының жағалауында келесі жылы зәулім қонақүйлер салынады
2019 жылы Шардара су қоймасының жағалауында демалыс нысандарының құрылысы басталады. Бұл туралы Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов мәлім етті, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. Аудан басшысы туризм саласын дамытуда талай жылдан бері қолбайлау болып келе жатқан […]
Пікір қалдыру