Елордасы – Астанада бүгіннен басталған Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында «Оңтүстік өнімдері» тауарөндірушілердің көрмесі ашылғанын айта кеткен жөн. Жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша келушілерге алғысын білдіре отырып, күнгейлік көрме арқылы өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндіктің мол екенін айтты.«Биыл біздің елімізде шын мәніндегі ғажайып оқиға — «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтуде. Бұл техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсететін, жаңа идеялар мен қызықты жобалардың нышаны, индустрияландыру символы болып табылатын халықаралық көрме. Ал бүгінгі тауарөндірушілер көрмесінің өткізілуі біз үшін өте маңызды оқиға. Мұнда өзіміздің жетістіктерімізді көрсетіп, көпшілікке танымал етуге, тұтынушылар мен өндірушілер арасында тығыз байланысты орнатуға мүмкіндік көп», — деді Жансейіт Қансейітұлы.«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне күнгейден жеткен тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика және құрылыс заттары салаларының 60-тан астам кәсіпорны қатысып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Өлкетану» атты жастар жобасы бастау алды
Оңтүстік Қазақстан облысының «Өлкетану» атты жастар жобасы бастау алғанын айта кетейік. Жобаның басты мақсаты өңіріміздің көрікті, тарихи жерлерін жастар арасында таныту және туристік қызметті пайдаланудың мәдениетін жоғарылату болып табылады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Шымкенттегі «Ontustik […]
Оңтүстікқазақстандықтар Астанадағы этноауылда 300 келі палау басты
Астана қаласындағы «Қазан ат» атшабарындағы этно ауылда Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында xалыққа дастархан жайылып, 300 келі палау таратылды. Шара барысында Құрбан айт мерекесіне орай бір ірі қара мен екі қой құрбандыққа шалынып, 1 тонна […]
ОҚО-да Бірлік күнінде бір мезетте 1 мың домбырашының күйі орындалды
Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара өтті. Отанымыздың ең маңызды мейрамдарының біріне арналған мерекелік шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, барша оңтүстікқазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады. «Халқымызда «Бақ […]
Пікір қалдыру