Елордасы – Астанада бүгіннен басталған Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында «Оңтүстік өнімдері» тауарөндірушілердің көрмесі ашылғанын айта кеткен жөн. Жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша келушілерге алғысын білдіре отырып, күнгейлік көрме арқылы өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндіктің мол екенін айтты.«Биыл біздің елімізде шын мәніндегі ғажайып оқиға — «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтуде. Бұл техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсететін, жаңа идеялар мен қызықты жобалардың нышаны, индустрияландыру символы болып табылатын халықаралық көрме. Ал бүгінгі тауарөндірушілер көрмесінің өткізілуі біз үшін өте маңызды оқиға. Мұнда өзіміздің жетістіктерімізді көрсетіп, көпшілікке танымал етуге, тұтынушылар мен өндірушілер арасында тығыз байланысты орнатуға мүмкіндік көп», — деді Жансейіт Қансейітұлы.«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне күнгейден жеткен тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика және құрылыс заттары салаларының 60-тан астам кәсіпорны қатысып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 4,7 млрд теңгеге мемлекеттік-жекешілік әріптестігі аясында 7 нысан салынады
Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы уақытта мемлекеттік-жекешілік әріптестігі аясында жалпы құны 4,7 млрд. теңгені құрайтын 7 нысан бой көтеретін болады. Қазірдің өзінде 2 балабақша мен 500 орындық емхананың құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Бұдан бөлек, 11 жобаға […]
Т. Дүйсенова: Халықты нәтижелі жұмыспен қамту – тұрақтылық пен табысқа бастайды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездесті. Басқосуда тараптар саладағы атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды.Атап айтқанда Тамара Қасымқызы өңірдегі «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың […]
ОҚО әкімі: Туризмді дамытуды мықтап қолға алуымыз керек
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессия жұмысына облыс әкімдіктің мүшелері мен аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдарының, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. […]
Пікір қалдыру