Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындық барысы туралы баспасөз конфенциясында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібек мәлім етті. Оның айтуынша, білім күнінде облыста құрылыс жұмыстары аяқталған жаңа 20 мектеп ғимараты пайдалануға беріледі. Ал оның 6-уы жаңадан ашылып, өңірдегі орта мектептің саны 1021-ден 1027-ге жетіп отыр. Сондай-ақ, ол 7 жекеменшік мектеп жұмыс істейтіндігін атап өтті.Баспасөз конференциясында мәлім болғандай жалпы облыста 79 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Оның жыл басынан бері 7-уі тапсырылса, 22-сі жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ал қалған 58-і келер жылға өтпелі. Осының нәтижесінде осы жылы 8 апатты және 12 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі. «Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Өңірдегі 1034 мектепте жаңа оқу жылында 640 мыңға жуық оқушы білім алады деп күтілсе, оның 73 мыңы бірінші сыныпқа барады деп жоспарлануда», — деді Ұ.Сәдібеков.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО құрылыс басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыстық құрылыс басқармасының басшысы лауазымына Құттыбек Рахматуллаұлы ЖАМАШЕВ тағайындалды.Құттыбек Рахматуллаұлы 1961 жылы туылған, білімі жоғары. Алматы архитектура-құрылыс институтын бітірген. Мамандығы бойынша құрылыс инженері, техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1984 […]
ҚМДБ-ның ОҚО-дағы өкілдігі «Рухани жаңғыру» аясында үндеу қабылады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірдегі өкілдігінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» шарасы аясында Үндеу қабылданған болатын. Оның мақсаты — өңір тұрғындарын үнемшілдікке үгіттеу. Бүгінгі таңда бұл бастама көпшілік тарапынан кеңінен қолдау тауып келеді. Сондай-ақ, қайырымдылық шараларына көбірек […]
Оңтүстікқазақстандықтар «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 558 пәтерге қол жеткізбек
Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі ОҚО филиалы мамандары 20 қыркүйектен бастап «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 558 пәтерге дауыс беру басталғанын хабарлайды. Соғылып жатқан баспаналар жергілікті атқару органдарының бағыты бойынша сатып алушылар пулына өтініштерді қабылдау […]
Пікір қалдыру