Мақтарал ауданына іс-сапармен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан келді. Ең алдымен, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының жасаған ғылыми жаңалықтарымен танысқан депутат мақтаралдық ғалымдардың жетістіктерін көріп, аудан әкімі Ғ.Исмаиловпен бірнеше объектілерді аралады.«Мақта шаруашылығындағы ғылыми-зерттеулерді дамыту арқылы отандық бәсекеге қабілетті мақтаның жаңа сорттарын шығару, мақта өндірудің тиімділігін, инновациялық технологияларды өндіріске ендірумен Мақтарал ауданында Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғалымдары айналысып бірқатар жетістіктерге жетті. Елімізде отандық мақта сорты жоқ еді және біз көрші мемлекеттерге тәуелді едік. 2000 жылдан бастап бәсекеге қабілетті өзіміздің отандық сорттарды шығара бастадық, қазіргі таңда оларды мақта өндірушілер пайдалана отырып, жалпы егістіктің 85%-на ендірді. Соңғы жылдары институт ғалымдары 30-дан астам инновациялық технологиялар жасап оларды өндіріске ендіруге ұсыныс берді, 48 инновациялық және селекциялық патенттерге, 144 авторлық куәлікке ие болды» — деді институттың басшысы Ибадулла Үмбетаев. Сондай-ақ, институтта фермерлерге білім тарату орталығы ашылып, мақта өндіретін өңірлерде 5 шаруашылықтың базасында институттың ғылыми жетістіктерін көрсететін алаңдар ұйымдастырылған екен.
Ұқсас жаңалықтар
МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ САЙЛАНДЫ
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы тиіс. Осы мақсаттарды бағындыру үшін мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде елімізде мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес жаңа институт […]
Өгемнің суын ішетін күн де алыс емес
Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарындағы ауыз су мәселесін Өгем өзенін ауыз су ретінде пайдалану арқылы түпкілікті шешуге бел буып отыр.Осы мақсатта биылғы жылдың 15 ақпанында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметі өкілдерінің екіжақты ынтымақтастықты […]
Мақтааралда Астана күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті
6-шілде – Астана күні қарсаңында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Елімнің жүрегі – Астана!» атты мерекелік гала-концерт болып өтті. Күллі республикаға танымал Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушыларынан құралған «Үміт» тобының «Астаналар тарихы» атты […]
Пікір қалдыру