6-шілде – Астана күні қарсаңында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Елімнің жүрегі – Астана!» атты мерекелік гала-концерт болып өтті. Күллі республикаға танымал Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушыларынан құралған «Үміт» тобының «Астаналар тарихы» атты көрінісінен бастау алған мерекелік кеш Мақтаралдың тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады.Мерекелік кеште аудан әкімі Ғ.Исмаилов сөз сөйлеп, жыл сайын ерекше тойланатын «Астана күні» мерекесімен мақтаралдықтарды құттықтады. Астананың күллі әлемге танылып, әлемдік діндердің басын қосқан алғашқы қала ретінде дүние жүзі тарихында өз орнын ойып тұрып алғанын, экономикалық форумдар, түрлі саяси келісімдер т.б. іс-шараларды өткізіп жатқан Елордамыз дәл қазіргі уақытта әлем жұртшылығы көз тіккен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізіп жатқандығын аудан басшысы ерекше атап өтті.Сондай-ақ, Ғ.Исмаилов аудан аймағын көркейту, көгалдандыру, халық арасында санитарлық тазалықты насихаттау және ынталандыру мақсатында өткізілген «Үздік ауылдық округ» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдағы Б.Момышұлы мектеп гимназиясы облыста көш бастап тұр
Мақтаарал ауданда өткен Тамыз конференциясында Б.Момышұлы мектеп гимназиясының директоры Ө.Қозыбақ өзінің жетістікке жету тәжірибесімен бөлісті. Гимназия биыл да облыста көш бастап, 40 алтын белгі, 17 үздік аттестатты шығарып отыр. Шәкірттерінің барлығы дерлік мемлекеттік грант иегері […]
Мақтааралдық 150 оқушы «ЭКСПО»-дан оралды
Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 150 оқушы Астана қаласында өтіп жатқан «EXPO-2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайтты. Жетісай қаласының орталық алаңына келіп түскен балалар саяхатта көрген әсерлері туралы журналистермен бөлісті.«Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазақстандық […]
Мақтааралдағы Ж.Ералиев ауылдық округі диқандары әр гектардан 28,3 центнерден өнім жинауда
Мырзашөл өңіріндегі ауылдық округтер арасында мақтадан мол өнім жинап, көш бастап келе жатқан Ж.Ералиев ауылдық округі диқандары әр гектардан 28,3 центнерден өнім жинауда. Сондай-ақ, Жаңажол ауылдық округінің шаруалары да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Мәселен, […]
Пікір қалдыру