Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 150 оқушы Астана қаласында өтіп жатқан «EXPO-2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайтты. Жетісай қаласының орталық алаңына келіп түскен балалар саяхатта көрген әсерлері туралы журналистермен бөлісті.«Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қатысты көптеген мәселелерді айтып өтеді. Міне, соның бір бөлшегі ретінде мақтаралдық 150 оқушыны Елордамызда өтіп жатқан «EXPO-2017″ халықаралық көрмесіне саяхаттатып келдік. Еліміздің түрлі жетістіктері туралы айтып, ұшқан құстың қанаты талатын жерімізді көрсетіп, сүйсіндіріп, бойларына кішкентай болса да отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту — іс-шараның басты мақсаты болатын. Жалпы, қолмен ұстап, көзбен көргенге жетпейді ғой, сол сияқты теориялық емес практикалық түрде өздерінің елін, өлкесін танысын деген ізгі ниетпен осы жобаны қолға алдық» — деді аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков.Жалпы, 5 күнге созылған саяхатта оқушылар «Бәйтерек», «ҚР Ұлттық мұражайы», «Думан» ойын-сауық орталықтарына барып, Астана қаласының ең көрікте жерлерін аралады. Балаларын сағынып, оларды құшақ жая қарсы алған ата-аналар аудан әкімі Ғ.Исмаиловқа өз алғыстарын жеткізді. «Болашақтың энергиясы» туралы көптеген мағлұматтарға қанық болған оқушылар көрген-білгендері туралы журналистерге әңгімелеп берді.
Ұқсас жаңалықтар
МАҚТАРАЛДЫҚ 150 ОҚУШЫ «EXPO-2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ АТТАНДЫ
Жетісай қаласының орталық алаңында мақтаралдық 150 оқушыны Астана қаласында өтіп жатқан «EXPO-2017» көрмесіне аттандыру рәсімі өтті. Іс-шараға арнайы аудан әкімі Ғ.Исмаилов қатысты.«Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жастарымыздың сапалы білім алуымен қатар, туған […]
Мақтааралдық кәсіпкерлер 100 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетті
Қадір түні қарсаңында Мақтарал ауданында «Нұр-Мед» ЖШС-нің басшылары Медет Тайманов пен Нұржан Абдубайтов қайырымдылық жасап, әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға 1 айға жететін азық-түлік таратты.Мақтарал аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары А.Байдуллаев «Әлеуметтік қолдау – […]
Мақтааралда 75 мыңнан астам оқушы тәрбиеленуде
Мақтарал ауданында «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 — білімнің үлесі» атты педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы болып өтті. Жиынға аудан әкімі Ғ.Исмаилов, аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков, облыстық Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің басшысы Н.Қалиева, аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының […]
Пікір қалдыру