Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 172 жылдығына орай Жетiсай қаласындағы «Абай» гүлзарында жиналған жұртшылық ақынның рухына тағзым етiп, ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды. Ақынның өнегелі өмірінен сыр шертіліп, даналығы, рухани асыл мұралары насихатталып, өлеңдері, әсем әндері айтылған әдеби-сазды кешке аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков және ауданның ақын-жазушылары қатысты.«Ахмет Байтұрсынов айтады: «Қазақта бұған дейін де, бұдан кейін де Абай Құнанбаевтай ұлы ақын бола қоймас» — деп. Ақындардың ішінде ең шоқтығы биік Абай атамыз десек артық айтқандық емес. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында еліміздің ұлттық коды болуы керек, мықты ұлт болып ұйысу жолында ескірген әдеттерден арылып, ат төбеліндей қазақ бір-бірін «бауырым» деп сүю керектігі айтылған. Ал, дәл осы мәселені Абай атамыз жүздеген жыл бұрын өзінің қара сөздерінде, өлеңдерінде қозғап, қазақтың бойындағы кейбір керек емес мінездерден арылу керектігі туралы толғаныстарын жазған. Жаңа ғасырда, осындай бейбіт заманда өмір сүріп жатқан мына біздер Абай атамыздың өнегелі өсиеттерінен, еңбектерінен тәлім алып, нәтиже шығаратын кез жетті. Ең алдымен, ол үшін Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын әрбіріміз толық оқып шығуымыз керек. Романды оқыған кез келген адам «Нағыз қазақ қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап таба алады. Сондықтан, «Абай жолын» оқыған адамның ең бірінші ниеті өзгереді, ниеті өзгерген соң ойы өзгереді, ойы өзгерген соң сөзі, іс-әрекеті өзгереді, сәйкесінше тағдыры — ұлтымыздың тағдыры жақсы жағына өзгере береді. Міне, осы бағытта рухани жаңғырып, ұлт болып ұйысып, Егеменді еліміздің болашағы үшін үлкен қадамдар жасауға тиістіміз!» — дейді Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков.Айта кетейік, Абай Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды, жаңғыртуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Ұлы ақын, ағартушы Абай музыка саласында да көптеген мұра қалдырды. Өзінің өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта сақталып отырды. Сондықтан, Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда Астана күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті
6-шілде – Астана күні қарсаңында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Елімнің жүрегі – Астана!» атты мерекелік гала-концерт болып өтті. Күллі республикаға танымал Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушыларынан құралған «Үміт» тобының «Астаналар тарихы» атты […]
Мақтааралда спорт түрлерінен студенттік және мектеп лигалары ашылды
Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаиловтың, аудан прокуроры Нұрғали Асқанбековтың және аудандық ішкі істер басқармасының бастығы С.Шалқаровтың бірлесе бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, оқудан тыс бос уақыттарын […]
Әдеп жөніндегі уәкіл кімдер бола алады?
МақтааралдаӘдеп жөніндегі уәкіл сайланды. Жалпы, әдеп жөніндегі уәкілдікке бірнеше кандидатты ұсынған кадр бөлімінің басшысы Н.Саттаров ең бірінші оның мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі, жауапкершілігі ескерілу қажеттігін айтты.«Әдеп жөнiндегi уәкiл – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын және мемлекеттiк […]
Пікір қалдыру