Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаиловтың, аудан прокуроры Нұрғали Асқанбековтың және аудандық ішкі істер басқармасының бастығы С.Шалқаровтың бірлесе бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, оқудан тыс бос уақыттарын тиімді пайдалануды насиxаттау мақсатында Атакент кентіндегі «Алпамыс батыр» стадионында спорттың кіші футбол, волейбол және үстел теннисі түрлері бойынша студенттік және мектеп лигаларының ашылу салтанаты өтті.Сонымен қатар, іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы мен аудандық прокуратураның аға прокуроры Дәурен Шырынбекұлы қатысып, жас спортшыларымызға сәттілік тіледі.Айта кету керек, жоғарыда аталған спорттық лигалар аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, аудандық Дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық Білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен оқу жылының соңына дейін жалғасып, лигаға 2400-ге жуық мектеп оқушылары мен 200-ге тарта студент жастар қатысатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Қытайлықтар Мақтааралдан шығатын балға қызығушылық танытып отыр
Мақтарал ауданы «Мақталы 1» ауылындағы «Азамат» шаруа қожалығының иесі Тіллә Қалдарбекова «Ырыс» микро кредиттік ұйымынан 4,5 миллион теңге несие алып, бал араны бағуға арналған 2 тележка сатып алған. «Азамат» шаруа қожалығының жұмысын жүргізіп отырған Марат […]
Мақтааралда қозапаядан жиһаздық тақта өндіріле бастады
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы «Сапа Инвест Плюс» ЖШС-нің зауыты қозапаядан жиһаздық тақта дайындай бастады. Бүгінде 30 адам жұмыс істейтін зауыт өнімі Астана, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Тараз қалаларындағы ірі кәсіпорындар сатып алады. Мақтааралдық өнімге Өзбекстан, Тәжікстан, […]
Ғалым Исмайлов көкпардан әлем чемпионатында «Ең үздік салымшы» атанған Абылайханды марапаттады
Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізудің қарсаңында Астана қаласында өткен көкпардан І Әлем чемпионатында Қазақстанның тікелей чемпион болуына ықпал етіп, «Ең үздік салымшы» атанған мақтаралдық Абылайхан Шаймерденұлын және оның жаттықтырушыларын аудан әкімі Ғ.Исмаилов марапаттады.Халықаралық спорт додасына 11 […]
Пікір қалдыру