Қадір түні қарсаңында Мақтарал ауданында «Нұр-Мед» ЖШС-нің басшылары Медет Тайманов пен Нұржан Абдубайтов қайырымдылық жасап, әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға 1 айға жететін азық-түлік таратты.Мақтарал аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары А.Байдуллаев «Әлеуметтік қолдау – әлеуетті қолдау» атты акцияның аясында өтіп жатқан қайырымдылық іс-шарасында кәсіпкерлер М.Тайманов пен Н.Абдубайтовқа өз ризашылығын білдіріп, партияның атынан алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, жиында Мақтарал ауданының бас имамы Бекзат Сыздықов «Бай адамдардың жомарт болғаны жақсы, кедей адамдардың жомарт болғаны одан да жақсы» деп, егер әр адам осылай қайырымды болғанда әлемде ешбір адамның көз жасы төгілмейтіні туралы әңгімеледі. «Мақтаарал» газетінің жауапты хатшысы Сәбит Қалдыбаев 22 мыңнан аса кәсіпкері бар Мақтарал ауданында қайырымдылық жасап жүрген мырзалардың баршылық екенін айтты.Қайырымдылық іс-шарасында 100 отбасыға талон беріліп, көмекке мұқтаж жандар бір айлық азық-түлікпен қамтылды. Мақтарал ауданындағы 1 қала, 3 кент, 20 ауылдық округтерден келген мұқтаж жандарға тегін такси қызметі көрсетіліп, алған азық-түліктерін үйлеріне дейін жеткізіп беру қарастырылған. Тегін талон алушылардың бірі Айжан Арыстанованың былтыр ғана үйі өртеніп, жолдасы ІІ топтағы мүгедекке айналған. Дегенмен, аудандағы қайырымды кәсіпкерлердің арқасында баспаналы болып, осылай ай сайын азық-түлікпен қамтылып отыр екен.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтаралда асфальт-бетон өндіру зауыты салынады
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында грециялық инвестор сағатына 200 тонна асфальт-бетон өндіретін зауыт салмақ. Аудандағы индустриалдық аймақта салынатын зауыттың жобалық құны 1 млн. АҚШ долларын құрайды. Құрылысы келер жылы басталатын асфальт-бетон өндіру жобасының инвесторы грециялық NIOVI […]
Мақтааралда «Ұлт аралық татулық — тұрақтылық кепілі» тақырыбында жиын өтті
Бүгін, Мақтаарал ауданындағы Ералиев ауылдық округіне қарасты «Дәуір» және «Қастеев» жалпы орта мектептерінде жоғарғы сынып оқушылары және ауыл тұрғындары арасында «Ұлт аралық татулық — тұрақтылық кепілі» тақырыбында және жастар арасында тәртіп пен тәрбиені насихаттау мақсатында […]
ОҚО әкімі Мақтааралдағы «Хамро ата» шаруа қожалығында семинар өткізуді тапсырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Мырзашөл өңіріне барды. Ең алдымен облыс басшысы ерте көктемнен егінін егіп, мол өнім жинап Қазақстан мен шетел нарығына шығарып жатқан Мақтарал ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер А.Боевтың бау-бақшасымен танысты. Мұндағы […]
Пікір қалдыру