Бүгін, Мақтаарал ауданындағы Ералиев ауылдық округіне қарасты «Дәуір» және «Қастеев» жалпы орта мектептерінде жоғарғы сынып оқушылары және ауыл тұрғындары арасында «Ұлт аралық татулық — тұрақтылық кепілі» тақырыбында және жастар арасында тәртіп пен тәрбиені насихаттау мақсатында кездесу болып өтті.Жиынға, Мақтаарал аудандық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Абай Есенбеков, аудандық прокуратураның аға прокуроры М.Ералиев, аудандық «әлеуметтік — психалогиялық сүйемелдеу» ортылығының басшысы Ербол Буртенов және «Дәуір» ЖОМ-нің директоры Л.Тушегенова, ауылдық округ учаскелік полиция инспекторлары қатысқанын айта кеткен жөн. Кездесу барысында, құқықбұзушылықтарды алдын алу және этнос аралық татулықты нығайту, ата-аналарға және ұстаздарға құрмет тақырыптарында кеңінен әңгіме қозғалды. Жиынад мектеп оқушыларымен ауыл тұрғындары өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жиналысты ұйымдастырушылармен қызу пікір алмасты. Кездесу соңында мектеп басшылары ұйымдастыру алқасына алғыстарын білдіріп, осындай іс-шараның көптеп ұйымдастырылуына қолдау білдіретіндігін айтып өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдықтар мақта зиянкестерімен биологиялық тәсілдер арқылы күресуде
Мақтарал ауданындағы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында мақта көбелегі және өрмекші кенеге қарсы биологиялық және химиялық күрес шараларын ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстары бойынша семинар-кеңес өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің ОҚО аумақтық […]
Мақтааралда сыртқы және ішкі инвестиция есебінен бірнеше өндіріс орындары ашылмақ
Мақтаарал ауданындағы «Soldatos» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры А.Шынтаев, бұған дейін ауданда мобильді асфальт зауытын іске қосып, Қызылқұм ауылдық округінде орналасқан инспекторлық жолдарға асфальт беріп келгенін айтады. Сонымен бірге ол екінші желісін келер жылдың жаз айында аяқтауды […]
Мақтаарлдықтар ақын Исрайл Сапарбайдың 75 жылдығын атап өтті
Оңтүстік Қазақстан облысының және Мақтарал аудандарының Құрметті азаматы Исраил Сапарбайдың 75 жасқа толу мерейтойы аясында Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында ақынның «Тәңірінің құлдары» поэтикалық драмасының премьерасы қойылды.Мақтарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов пен аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар […]
Пікір қалдыру