Төлеби ауданы Көксәйек ауылындағы №9 колледжде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиынға облыстық аналар кеңесінің төрайымы Балқия Көмекбаева, Леңгір қалалық әжелер алқасының төрайымы Күлбазар Есенова, репродуктивтік денсаулық саласы бойынша педагог Гүлжан Айберова және аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, педагогтар мен оқу орнының студенттері қатысты.Сонымен қатар, басқосуда ұрпақ тәрбиесі мен отбасын сақтауда аналардың жауапкершілігі кеңінен сөз болғанын айта кету керек. Сонымен қатар, жастар арасындағы суицид, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, отбасындағы агрессивті мінез-құлық сынды қоғамдағы өзекті мәселелер қаралып, оның алдын алу жайы талқыланды. Отырыс барысында психолог-педагог Гүлжан Қасымбекқызы «Өтпелі жастағы жастар: репродуктивтік денсаулық бойынша құқықтары» атты тақырыпта тренинг өткізіп, жастармен еркін пікір алмасты. Жиынды қорытындылаған колледж директоры Болат Жанәбіл тәрбиелік мәні зор жиынды ұйымдастырушыларға мен қонақтарға алғысын білдірді
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Сайрамдағы электр энергиясы келер жылы инвестициялық бағдарлама аясында шешілетінін айтты
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев партия филиалының бас ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізіп, Сайрам ауданынында сапалы қуат көзіне зәру тұрғындардың шағымын ыңдаған болатын. Осыған орай, өңір басшысы электр энергиясы […]
Ж.Түймебаев: Ауылға электрик, слесарь, дәнекерлеуші, ағаш ұстасы мамандары жетіспейді
Сайрамдағы Дінмұхаммед Қонаев атындағы колледждің студенттері пластикалық заттардың қалдығына құм мен түс беретін қоспа қосып, үй ауласына қолданылатын төсеніш ойлап тауыпты. Облыс әкімі студенттердің бұл жобасына таңданыс білдіріп, жастарды заманауи үздік жобаларды әзірлеуге ынталандыру қажеттігіне […]
Сайрамда балалар күніне орай «Бақытты балалық бал дәурен» мерекелік кеші ұйымдастырылды
Сайрам ауданында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Жібек жолы модельді ауыл кітапханасы мен Сиқым ауыл кітапханасы бірлесе отырып мүгедек, жетім, жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арнап «Бақытты балалық бал дәурен» атты мерекелік кеш […]
Пікір қалдыру