Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу» тақырыбында республикалық форум өз жұмысын бастады. Форум жұмысына облыс әкімі Ж.Түймебаев, Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов, БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел мен сарапшылар және саясаткерлер, Алматы, Жамбыл, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауыл әкімдері жалпы саны 400-ден астам адам қатысуда.Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізуді тапсырған болатын. Еліміздегі ауыл әкімдерінің басын қосқан жиынның ашылуында сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев осындай ауқымды форумды ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері мен Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдеріне алғыс айтты.«Ауыл әкімдерінің рөлін күшейту бойынша жұмыс жалғасуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жергілікті маңызы бар барлық мәселелерді шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту қажеттігін атап өткен еді. Бүгінде облыста дербес бюджетке көшу үшін жан-жақты дайындық жұмыстар атқарылды. Аймақта салық салу базасын нақтылау мақсатында мемлекеттік дерекқорлар туралы мәліметтер салыстырып, жаңартылды. Жылжымайтын мүлік бойынша тіркелмеген нысандардың иелерін әділет органдарына тіркеу іске асырылды. Бұл ауылдық округтердің табысын арттырады»,-деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстікқазақстандық өнертапқыш домбыраның электронды нұсқасын қолданысқа енгізді
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұлттық кодымызды жаңғырту мақсатында оңтүстікқазақстандық өнертапқыш домбыраның электронды нұсқасын ойлап тауып, қолданысқа енгізді. Енді домбыраны ұялы телефоныңыздан тартып, ән шырқауыңызға болады. Егер үйренгіңізге келсе, тегін жүктеуге де мүмкіндік […]
ОҚО-да жастар арасында қылмыс азайып келеді
Оңтүстік Қазақстан облысында жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық көрсеткіші 2017 жылы өткен жылға қарағанда 307-ге азайған. Бұл облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Жас сақшы» және «Жас полиция көмекшілері», «Айбын» жобалары мен мекенжайлық көмек көрсету жұмыстарының […]
ОҚО-дағы түлкібастық кәсіпкер көкөніс консервілерін Қытайға экспорттауда
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы «Байтерек 4» ЖШС-нің жұмысы қарқын алған. Көкөністерді консервілеумен айналысатын мекеме жылына 1,5 мың тонна болатын 28 түрлі өнім шығаруда.Кәсіпкер тауарлардың басым бөлігін Алматы қаласы мен еліміздің батыс өңірлеріне жіберуде. Бүгінде […]
Пікір қалдыру