Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. Аграрлы аймақтың шаруалары мемлекеттің қолдауы мен тынымсыз еңбектің арқасында биыл егіс науқанын жақсы көрсеткішпен аяқтады. Мерекелік шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпкерлер, халық қалаулылары мен сала мамандары бастаған жалпы 8 мыңға жуық адам қатысқанын айта кету керек.Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған фестиваль қонақтары алдымен ауыл шаруашылығы саласының жетістіктерін айшықтайтын көрмемен танысып шықты. Сонымен қатар, көрмеде халықтың назарына ауыл шаруашылығы өнімдері, асыл тұқымды төрт түлік малдың түрлері мен озық техникалар ұсынылғанын да айт кеткен жөн. Фестиваль аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде облыстың барлық аудандарынан жиналған жалпы көлемі 182 тонна табиғи таза өнімдерді нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан бағамен жұрт назарына ұсынылды. Сондай-ақ шара барысында Ж. Түймебаев жыл бойына тынымсыз еңбек еткен ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аталған салада белсенділік танытып, үздік көрсеткішке қол жеткізген шаруалар мен аудандарды марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
БЖЗҚ мен ОҚО әкімдігі арасында Меморандумға қол қойылды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаевамен кездесті.Басқосуда қос тарап өзара ынтымақтастық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған екі жақты әрекеттестік мүмкіндіктер жайын әңгімеледі. Мұнымен қоса, басқосуда […]
Ж.Түймебаев ирандық компаниямен 250 миллион доллардың меморандумына қол қойды
«КӨНЕ ТҮРКІСТАН – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» атты Халықаралық инвестициялық жəне туристік форум аясында құны 1,7 млрд. АҚШ долларды құрайтын 19 меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, Түркістан облысы әкімдігі мен Иран, Түркия, Чехия, Ресей, БАӘ, Малайзия, Италия, Польша, […]
Оңтүстікте 10 жексенбілік мектеп бар
Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде 20 облыстық этномәдени бірлестік және олардың аудандар мен қалаларда 51 филиалы әрекет етеді. Этнобірлестіктер жанындағы 10 жексенбілік мектепте 1788 тыңдаушы ана тілдері мен мемлекеттік тілді тереңінен оқып-үйреніп, ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдениетін […]
Пікір қалдыру