Ж.Түймебаев ирандық компаниямен 250 миллион доллардың меморандумына қол қойды

«КӨНЕ ТҮРКІСТАН  – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» атты Халықаралық инвестициялық жəне туристік форум аясында құны 1,7 млрд. АҚШ долларды құрайтын 19 меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, Түркістан облысы әкімдігі мен Иран, Түркия, Чехия, Ресей, БАӘ, Малайзия, Италия, Польша, Қытай мемлекеттерінің инвесторлары арасында келісімдер жасалды.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Иранның «Ardabil Petrochemical Co» компаниясымен жалпы құны 205 млн. долларды құрайтын Онкологиялық орталық пен мұнай өңдеу зауытын салу жөнінде меморандумға қол қойғаны ерекше айта кеткен жөн. Сонымен қатар,  бұдан өзге қытайлық «Changchun Longyuan Power Equipment Co. LTD» компаниясымен Энергетикалық құрылғылар мен бұйымдар жасау жөнінде құны 648 млн. АҚШ доллары көлеміндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Ал Ресейдің «Green Land Alatau»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  180 млн. АҚШ долларына жылыжай кешенінің құрылысын жүргізетін болды. Форум барысында түзілген меморандумқа сәйкес, қытайлық «Shanghai Lianfu New Energy Science & Technology Group» компаниясымен 340 млн. АҚШ долларына күн энергиясымен жүретін электоавтобустар шығаратын зауыт құрылысын салу бойынша келісім түзілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*