Өзбекстан мен Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығы алғашқы нәтижелерін бере бастады. Таяуда ғана Мемлекет басшысының Ташкентке жасаған ресми сапарында да жаңа келісімдерге қол жеткізілді. Енді екі ел арасындағы байланыстардың тереңдеуінің арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық техника яғни газ плитасын шағаратын цех іске қосылды. «Бадам» индустириалды аймағындағы жаңа кәсіпорынды Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев арнайы аралап, жұмысымен танысып шықты. Жылына 50 мың дана газ плитасын құрастыруға қауқарлы жобаның құны – 102 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорында қондырғыларды орнату жұмыстары аяқталып, іске қосылған. «Әзірге біз жеке қаржымызға қондырғыларды сатып алып, орнатып шықтық. Мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Шығарылған өнімді ішкі нарыққа саудалауды жоспарлап отырмыз. Біздің зауытта дайындалған газ плиталарының сапасы шетелдік өнімнен еш кем болмайды. Әрі бағасы да қазіргі нарықтағыдан төмен болады»,- деді «Artel Manufacturing» ЖШС-нің директоры Рамзитдин Хикматов.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 6 мыңға артқан
Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуды қарқынды қолға алған бірден-бір өңір. Және де онда бизнес бастау аса қиындық тудырмайды. ол үшін жергілікті билік тарапынан үлкен қолдау бар. Бүгінгі таңда облыстағы шағын және орта бизнес субъектілерінің […]
ОҚО-да Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асырудың оңтайлы жолдары талқыланды
Оңтүстік Қазақстанда облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру туралы» жиын өтті. Отырысқа ҚР Ұлттық экономика министрлігі бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаментінің директоры Нұрым Аязбаев, «Қазақстандық мемлекеттік жекешелік […]
ОҚО-ДА 140 МЫҢ ТҰРҒЫН ЭКСПО-2017 КӨРМЕ БИЛЕТІН САТЫП АЛҒАН
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына санаулы сағаттар қалды. Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарды Астанаға жіберуге және қонақтарды күтіп алуға дайын. Бұл туралы аймақтық коммуникациялық орталықта өткен брифингте ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы […]
Пікір қалдыру