Оңтүстікте ғалымдар латын әліпбиіне көшу мәселесіне орай, келелі кеңес өткізді

Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Латын әліпбиіне көшу-рухани жаңғыруға қадам» атты үлкен жиын болып өтті. Шараға жоғарғы оқу орнының 500-ден астам студенттері мен ұстаздары қатысты.Жиында алғаш сөз алған облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Береке Дүйсебеков, латын графикасына өту заман талабы екенін тілге тиек етті. Ал, филология ғылымының кандидаты Мақсат Ақкулович, «Латын әліпбиіне көшу-мәдениетіміздің тарихындағы жаңа белес» дегентақырыпта баяндама жасады. Сонымен қатар, жиын барысында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Құлахмет Молдабек мінберге көтеріліп, латын қарпіне көшудің негізгі 20 себебін айтып өтті.Сондай-ақ, тілдік пәндер кафедрасының аға оқытушысы Гүлнәр Ақылбаева, «Латын әліпбиі арқылы Мемлекеттік тіл тазалығын қалыптастыру» деген тақырыпта баяндама жасап, Кирилл әрпі қолданысқа енген кездегі қазақ әліпбиінің дыбысталуына үлкен нұқсан келгені жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.Мұнан бөлек, шараға белсенді түрде атсалысқан жастар жағы да еліміздің латын әліпбиіне көшуін қолдайтындарын жеткізіп, латын қарпін қолданысқа енгізу кезеңін бірлесе жүзеге асыруға дайын екендерін айтты.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*