Оңтүстік тегі «Бадам» индустриялды аймағында жылына 50 мың дана газ плитасын құрастыруға қауқарлы өндіріс орны ашылды. Жобаның құны – 102 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорында қондырғыларды орнату жұмыстары аяқталып, іске қосылған. Жаңа кәсіпорынның жұмысын оң бағалаған облыс әкімі жергілікті билік тарапынан көрсетіліп отырған көмектердің тиімділігіне тоқталды.«Қазақстан мен Өзбекстанның байланысы жаңа деңгейге көтерілді. Күні кеше ғана Елбасымыз Н. Назарбаев Ташкентке ресми сапармен барып, бірқатар жаңа келісімдерге қол жеткізді. Көрші елдің үш облысымен өзара түсіністік меморандумдарына қол қойдық. Жылы қарым-қатынастың алғашқы жетістіктері де көріне бастады. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына жаңа серпін беретін индустриалды-инновациялық жобаларға қаржы салушы инвесторларды қашанда қолдауға әзірміз. Ең бастысы – ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие, өнім өндіретін кәсіпорындардың қатарын көбейтуіміз керек. Бүгінгі біз аралап көрген кәсіпорынның өнімдеріне ішкі және сыртқы нарықтан да сұраныс мол болатынына сенімдімін» , — деді Жансейіт Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
Ж.Түймебаев: Елбасымыз Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани орталығына және әлем туристері келуге асығатын қалаға айналдыру жөнінде тапсырма берді
Түркістан қаласында өткен «TÚRKISTAN: JAŃA AQPARATTYQ KEŃISTIK» атты халықаралық журналистер форумының ашылуында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сөз сөйледі. Ол жиынның маңыздылығына тоқталып, медиа кеңістікті дамыту, киелі шаhарды Түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру жолында осындай келелі […]
ОҚО-да Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуы барысы талқыланды
Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуы барысын талқылау мақсатында кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжіліске Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ректорының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы, алаштанушы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті […]
ОҚО әкімі «Phoenix Global» компаниясын ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырды
Бүгінгі таңда, «Phoenix Global» компаниясының әлемдік ауыл шаруашылығын дамытуда да қосып отырған үлесі орасан. Аталмыш компания тек қана бидай егу ғана емес, күріш өсіру, өсімдік майын өндіру ісімен де айналысатынын айта кеткен жөн. Сондай-ақ фермерлік шаруашылықты […]
Пікір қалдыру