Бүгін Отырар ауданында 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Аудан өнерпаздарының сахналық көрінісімен бастау алған шарада аудан әкімі Ерлан Айтаханов қазыналы қарттарымызды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде, «Біз үшін ортамызда жүрген қарияларымыздың кезінде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ұмытылмас тарих, баға жетпес үлгі-өнеге. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету, ата-бабамыз ұстанған дәстүрлерді одан әрі жалғастыру бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екендігін айтқан болатын»,-деді. Шара барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Мырзахан Манапов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев, ардагер ұстаз Гүлзейнет Әлмешовалар сөз алып, мерекеге орай өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, қызу құттықтады. Мерекелік шарада қариялар мен ардагерлерге аудан әкімі арнайы Құттықтау хаттары мен заттай сый-сыйапаттар тарту етті. Мерекеге орай арнайы дастархан жайып, құрмет көрсеткен аудан әкімдігіне Соғыс және Еңбек ардагері Сәбит Тұрғанбай қария өзінің ақ батасын беріп, аудан қариялары атынан алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Отырар ауданының әкімі жеңімпаздармен кездесті
Еліміздің көк байрағын көкте желбіретіп, Әнұранымызды асқақтататын бірден-бір жарыс – спорт. Ал, осы спорттың әр саласы бойынша жеңімпаз атану әрбір спортшының арманы. Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов ауданымыздан шыққан чемпиондармен кездесіп, ауданымыздың спорт саласында жеткен […]
Отырарлық түлектер Ұлттық бірыңғай тесттілеуді бастады
Бүгін Отырарда мектеп түлектері ҰБТ тапсыру үшін Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің базасына жиналды. Осы жылдан басталған ҰБТ тапсырудың жаңа форматы ұстаздар мен ата-аналар қауымын біраз алаңдатқанымен оқушылар бұл сынаққа тас-түйін дайын екендіктерін айтып қуантуда.Түлектердің жауапты сәтін […]
Отырарда өткен қала жастарының ауылдағы күндері: сайыс жеңімпаздары марапатталды
Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен Отырар ауданындағы «Алаш» этноауылында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық кодты сақтау және жүзеге асыру мақсатында «Ауылдағы бір күнім» жобасы өтті. Қала жастарынан құрылған 5 команда ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, […]
Пікір қалдыру