Бүгін Отырар ауданында 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Аудан өнерпаздарының сахналық көрінісімен бастау алған шарада аудан әкімі Ерлан Айтаханов қазыналы қарттарымызды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде, «Біз үшін ортамызда жүрген қарияларымыздың кезінде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ұмытылмас тарих, баға жетпес үлгі-өнеге. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету, ата-бабамыз ұстанған дәстүрлерді одан әрі жалғастыру бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екендігін айтқан болатын»,-деді. Шара барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Мырзахан Манапов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев, ардагер ұстаз Гүлзейнет Әлмешовалар сөз алып, мерекеге орай өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, қызу құттықтады. Мерекелік шарада қариялар мен ардагерлерге аудан әкімі арнайы Құттықтау хаттары мен заттай сый-сыйапаттар тарту етті. Мерекеге орай арнайы дастархан жайып, құрмет көрсеткен аудан әкімдігіне Соғыс және Еңбек ардагері Сәбит Тұрғанбай қария өзінің ақ батасын беріп, аудан қариялары атынан алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Отырарда жылу маусымына дайындық мәселесі талқыланды
Отырарда аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Жиынның күн тәртібінде қысқы жылу беру маусымына дайындығы мен халықтың көмірмен қамтамасыз етілу барысы, орталық көшелердің абаттандыру жұмыстары мен күзгі жиын-терім, сондай-ақ құқықбұзушылар, түнгі және […]
Отырарлықтар «Шыбықбелде» су сақтауды көздеп отыр
Аудан әкімі Ерлан Айтаханов Қоғам, Талапты, Көксарай, Маяқұм, Балтакөл ауыл округтеріне барып, елдімекендердегі қызылсудың алдын алу жұмыстарын көріп қайтты. Мол судың қауіптілігін азайтып, оны тиімді пайдалану үшін жайылымдық, егістік жерлерге жіберіп, суландыру көзделген еді. Құрылған […]
Түркиядан келген делегация Отырарда болды
Бүгін Отырар ауданына Түркия елінің Кечиорен мунициполитетінің губернаторы АК Мустафа бастаған делегация келіп, Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, Отырартөбе қалажұртының тарихымен танысты. Делегация құрамын арнайы барып қарсы алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов бауырлас елден келген қонақтарды киелі […]
Пікір қалдыру