Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында футболдан Қазақстан премьер лигасында Оңтүстік Қазақстан облысының атынан сынға түсіп, биыл қол жүлдеген қол жеткізген «Ордабасы»командасы, Отырар ауданында қонақта болып, Арыстанбаб кесенесіне тәу етіп, Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтахановтың дастарханында қонақта болып, оңтүстік футболының болашағы жайында пікір алмасты. Сонымен қатар, Елбасының «Руxани жаңғыру-болашаққа бастау»бағдарламасы негізінде, осы сапар алдында клуб президенті Бақтияр Байсейтов бастаған құрама мүшелері Отырар ауданының құрамасымен Шәмші Қалдаяқоа атындағы елдімекеннің «Алпамыс батыр» спорт кешенінде жолдастық кездесу өткізіп, аса тартысты өткен ойында 6-5 есебімен жеңіп кеткенін айта кеткен жөн. Бұл ойынға Қайрат Әшірбеков, Алмат Бекбаев, Еркебұлан Тұңғышбаев, Мардан Төлебек, Бекзат Бейсенов, Темірлан Ерланов, Ұлар Жақсыбаев, Санат Жұмаханов, Фархадбек Ирисметов, Бақдәулет Қожабаев, Мұхтар Мұхтаров, Сергей Бойченко, Рамиль Нұрмахаметов, Таңат Нөсербаев, Азат Нұрғалиев, Самат Смаковтармен қатар, Ярослав Бондаренко, Никита Бочаров, Срджан Вуяклийа, Александр Гейнрих, Абдулай Диакате, Преслав Йорданов, Кирилл Ковальчук, Каньяс Энао Рохер, Петрак Оливер, Александр Симчевич, Пабло Эзекуэль Фонтанелло сынды ала доп шеберлері қатысты. Енді мұндай кездесулер Түркістан, Сайрам секілді облысымыздың киелі жерлерІнде де жалғасын табады деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Отырарлықтар жүгеріні терең өңдеуді қолға алмақ
Отырар ауданында өткен халықаралық далалық семинарында сөз алған Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми – зерттеу институтуның бас директоры Абдулла Сапарұлы еліміздегі топырақ деградациясы және олардың құнарлағын жоғарлатудың қазіргі заманғы әдістері жөнінде арнайы баяндама […]
Шымкенттің орталық стадионын «прожектормен» жарықтандыру жұмыстары басталды
Шымкент қаласындағы «Қажымұхан» атындағы орталық стадионы жарықтың болмауына байланысты футбол матчтарын өткізу құқығынан айырылған болатын. Осының салдарынан «Ордабасы» командасы Еуролига ойындарын Алматы қаласында өткізуге мәжбүр болды. Еліміздегі үшінші ірі стадионның жарық қондырғылары 50-жылдан бері алмастырылмаған […]
Отырарда «ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу-басты міндет» тақырыбында жиын өтті
Отырар ауданында «ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу-басты міндет» тақырыбында келелі жиын болып өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып жүргізіп отырды. Жастарды өз елінің патриоты болуға, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында өткен жиында сөз алған облыстық «Мемлекеттік туы» […]
Пікір қалдыру