Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Фирма Сакен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт фермасына барып жұмысымен танысты. Айта кетейік, серіктестік басшысы Байгазиева Шаркул. Сүт өндірумен айналысатын серіктестіктің 2000 жылы негізі қаланған. Қазіргі таңда, мұндағы шаруалар иелігіндегі 1592 га жерде 2642 бас (оның 595 ірі қара, 2047-сі уақ мал) мал бағып отырғанын да айта кету керек.Заман талаптарына сай, нарықтағы бәсекелестікке төтеп беру үшін серіктестік бүгінде озық технологияны қолданып отыр. Соның арқасында саялы Сарыағаш ауданы тұрғындарын сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жылына 720 тонна шамасында сүт өнімдерін дайындайды. Бұл өз кезегінде аймақтағы жұртшылықтың сұранысын біршама қанағаттандырады. Сонымен қатар, серіктестік 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұндағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 50,0 мың теңге. Яғни, Сарыағаш ауданындағы орта және шағын кәсіпкерліктің де көкжиегі кеңге жайылып келеді деуге әбден болады.
Ұқсас жаңалықтар
Ж.Түймебаев оңтүстікқазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған «Айбары асқақ — Ата заң» салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік жиынға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев барша өңір жұртшылығын мерекемен құттықтап, 15 азаматты […]
Өгем өзеніне гидроэлектростанциясы салынып, су құбырларын тау үстімен алып өтпек
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өгем өзенінен Сарыағаш, Мақтарал, Қазығұрт аудандарына ауыз су тарту мақсатындағы жұмыстарды да назарда ұстауды тапсырды. «Облысымызда жылда көктемгі мезгілдерде тасқын судан қауіп төнеді. Осы ретте алдағы жылы 30 шағын су қоймаларының құрылысын […]
Сарыағашта шарап өндіру ісі шарықтап келеді
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында бүгінде 2000 гектарға жуық жүзім алқабы бар. Оның өнім беретін 1648 гектарынан шаруалар былтыр 13184 тонна өнім алған. Яғни, өткен жылғы орташа өнімділік гектарына 80 центнерді құрады. Жиналған жүзімнің 4 […]
Пікір қалдыру