Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Фирма Сакен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт фермасына барып жұмысымен танысты. Айта кетейік, серіктестік басшысы Байгазиева Шаркул. Сүт өндірумен айналысатын серіктестіктің 2000 жылы негізі қаланған. Қазіргі таңда, мұндағы шаруалар иелігіндегі 1592 га жерде 2642 бас (оның 595 ірі қара, 2047-сі уақ мал) мал бағып отырғанын да айта кету керек.Заман талаптарына сай, нарықтағы бәсекелестікке төтеп беру үшін серіктестік бүгінде озық технологияны қолданып отыр. Соның арқасында саялы Сарыағаш ауданы тұрғындарын сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жылына 720 тонна шамасында сүт өнімдерін дайындайды. Бұл өз кезегінде аймақтағы жұртшылықтың сұранысын біршама қанағаттандырады. Сонымен қатар, серіктестік 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұндағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 50,0 мың теңге. Яғни, Сарыағаш ауданындағы орта және шағын кәсіпкерліктің де көкжиегі кеңге жайылып келеді деуге әбден болады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шара өтті
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Тұңғыш Президенті күніне арналған 1000 адамның қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының фойесінде ұйымдастырылған «Елбасы жолдауы жылнамасы» […]
ОҚО-да биыл 200 мыңнан астам жерге бидай егілген
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 218 мың гектар бидай егілген. Одан 401 мың тонна астық жиналмақ. Мәселен, бір ғана Қазығұрт ауданында 38 мың гектар алқапқа арпа-бидай егіліпті. Диқандар гектарына 25,4 центнерден өнім жинады.«Өкінішке орай, облысымызда […]
ОҚО-да 1 миллион 446 мың нәзік жанды бар
Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай Шымкент қаласындағы қарттар үйіндегі әйел азаматтарды мерекесімен құттықтап барғанда мәлімдеді. Іс-шара барысында өңір басшысы әйелдерге қамқорлық жасау, көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау […]
Пікір қалдыру