Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы ЮНФПА қорының Қазақстандағы өкілі Джулия Валлеземен кездесті. Кездесу барысында тараптар ана мен бала өлімін азайту, гендерлік теңдікді сақтау, тұрмыс жағдайындағы зорлық-зомбылықты болдырмау жөнінде өзара пікір алмасты. Сондай-ақ тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысынан аталған қордың өкілдігін ашу мәселелерін талқылады. Өз кезегінде сөз алған өңір басшысы Джулия Валлезені жаңа қызметімен құттықтап, алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі.«Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстандағы демографиялық ахуалы өте жоғары өңір саналады. Бізде жылына 80 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Қазақ халқының негізгі шоғыры да бізде орналасқан. 3 миллионға жуық халқы бар өңірде аналардың үлес салмағы 50 пайызды құрайды. Сондықтан облысымызда ана мен бала өлімін азайту мәселесіне ерекше мән беріліп келеді. Осы ретте сіз басқарып отырған қордың Оңтүстік Қазақстан облысында өңірлік өкілдігін ашуды ұсынған болар едім», — деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Кентауда 33 көпқабатты үйдің құрылысы басталды
Түркістанға жасаған жұмыс сапарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс активінде Түркістан қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді. Жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Елбасы алдында Түркістан қаласының дамыту бағыты бойынша баяндама жасады. «Сіздің «Түркістан облысын құру, әкімшілік […]
Ж. Түймебаев: Шымкентте көпқабатты үйлерді көптеп салып, баспана кезегін азайту керек
Шымкент қаласының маңынан өндіріс орындарын көптеп ашу қажет. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтып, шаһардағы сабылысты азайтуға сеп болады. Сондай-ақ қалада көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп, газбен қамтамасыз ету мәселесіне мән берілуі тиіс. Бүгін бұл […]
ОҚО әкімі кәсіпкерлерге сауда үйлерін емес, әлеуметтік, туристтік нысандар салуды ұсынды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы әкім бизнесмендермен кездесу барысында сауда орталықтары мен сити кешендерін салуды тоқтатып, халыққа қажетті тұрғын үй мен студенттерге арналған жатақхана салуды және өңірдің экономикасына септігін тигізетін туристтік жобаларды салу жайын […]
Пікір қалдыру