Шымкент қаласының маңынан өндіріс орындарын көптеп ашу қажет. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтып, шаһардағы сабылысты азайтуға сеп болады. Сондай-ақ қалада көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп, газбен қамтамасыз ету мәселесіне мән берілуі тиіс. Бүгін бұл туралы Шымкенттегі бірнеше әлеуметтік нысандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Аймақ басшысы ең алдымен Бозарық шағын ауданындағы 900 орындық мектепке атбасын бұрды. Мұндағы құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Жобаның жалпы құны 1 млрд 200 млн теңгені құрайды. Нысанның бас мердігері «Тұр-Ахмет и компания» ЖШС-гі құрылыс – монтаждау жұмыстарына жоғары қарқынмен кірісіп, мектепті 2018 жылдың сәуір айында ел игілігіне береміз деп отыр. Алайда оқу, спорт және асхана блоктарының жұмыстары өндірістік кестеден 20-30 күнге кешігіп жүргізіліп жатқанын айт кеткен жөн. Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын кестеге сай жүргізуді қатаң тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте «Отанды сүю иманнан» атты термешілер байқауы өтті
«Шымкент медресе» колледжі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру мақсатында «Отанды сүю иманнан» атты жас термешілер арасында Жастар Ресурсы Орталығында 2018 жылдың 30 қазанында байқау өткізді.Қалалық колледждер арасынан текті сөздің төресін жырлайтын […]
ОҚО әкімі жолдарды қайта құру жұмыстарын қыркүйектің соңына дейін бітіруді тапсырды
Оңтүстіктегі жолдарды қайта құру жұмыстарының барысына куә болған облыс мәкімі Ж.Түймебаев жол құрылысын салуда шетелдік компаниялардың тәжірибесін алға тартты. Яғни, ең күрделі деген құрылыс нысандарын қысқа мерзімде салып, қолданысқа беруге болатынын ескерген әкім аталған жолды […]
Шымкенттегі Сәуле шағын ауданында жаңа мектеп қолданысқа берілді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы «Сәуле» шағын ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген №129 жалпы орта мектебінің «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына қатысып, Білім күнімен барша ұстаздар мен шәкірттерді құттықтады.«Бұл күн – жаңа оқу жылына, […]
Пікір қалдыру