«Шымкент медресе» колледжі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру мақсатында «Отанды сүю иманнан» атты жас термешілер арасында Жастар Ресурсы Орталығында 2018 жылдың 30 қазанында байқау өткізді.Қалалық колледждер арасынан текті сөздің төресін жырлайтын он екі студент тамыры тереңге жайылған ұлтымыздың термелерін шырқады. Елбасының идеясын және 2018 жылғы тамыз конференциясындағы негізгі құндылықтарды іске асыру мақсатында колледж студенттерін Отанға деген сүйіспеншілігі мен өнерге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылған іс-шараға облыстық және қалалық білім басқармасы, «ОҚ Саз» колледжінің сонымен қатар қалалық филармония қызметкер мамандары әділқазылық етті. Ұлтық рухты асқақтатқан аталмыш жобада 1- орынды Сынабай Қылышбек, 2-орынды Арыстан Рустем,3-орынды Тұрғанбек Жұлдызай және Жуасбек Нұрдаулет қанжығаларына байлап, қаржылай сыйлықтар, алғыс хаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
Әбдірахымов Ассамблея сессиясында қазақша сөйлей алмай әбден састы (видео)
Қазақстан Халқы Ассамблеясының Шымкент қаласында өткен 1-сессиясында сөз сөйлеген шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов баяндамадағы «әралуандығын» сөзін айта алмай әбден әбіржіді, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Сессияда сөз сөйлеген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов миллионды қалада жүзден […]
ОҚО-да «Мерейлі отбасы-2017» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Бүгін Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы-2017» Ұлттық байқауының облыстық кезеңінің салтанатты марапаттау шарасы болып өтті. Елбасы жарлығымен бастау алған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының мақсаты-бір […]
ЖАҢА АЙНАЛМА ЖОЛДАРДЫҢ АУЫЛЫ АЛЫС ЕМЕС
Еліміздің Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы қаланың оңтүстік-шығысында жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайтын 1- санаттағы айналма жолының құрылысы жүргізіледі. Жол Ташкент қаласы мен Алматы, Қызылорда бағыттарындағы көлік қозғалысын байланыстыратын болады. Бұл туралы бүгін Мемлекет […]
Пікір қалдыру