Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында ашылған орталық ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін болады. Ашылу салтанаты барысында жобаның жетекшісі С.Тұрсынбекова сөз алып, орталықтың жұмыс ауқымын түсіндіріп өтті.«Бүгінде барлық қызмет түрлері облыс орталығында орналасқан. Осындай орталықтарды аудандардан ашудағы негізгі мақсатымыз — ауыл тұрғындарына көмек қолын созу болатын. Біз ауыл тұрғындарының жан-айқайын, негізгі мәселелерінен хабардар болып отыруымыз қажет. Бүгінде отбасылық жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белең алған кезеңі. Сондықтан осындай орталықтар түрлі жағдайда қиындыққа душар болған әйелдер қауымына көмек көрсететін болады», — деді жоба жетекшісі.Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы М.Зәйтүнқызы осы бағытта аналар алқасының атқарған жұмыстарын айтып өтті. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен ашылған сектор ғимараты қажетті бөлмелермен қамтамасыз етілгенін айта кеткен жөн.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасы ауданында 4 айда 13 кооператив құрылған
Пайданың көзі – кооперативте. Бүгінде мемлекет тарапынан жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру мақсатында нақты шаралар жүзеге асырылуда. Яғни, Ордабасы ауданында да бұл бағыттағы жұмыстар қарқынмен қолға алынуда. Нәтиже – баршылық. Мәселен, ауданда соңғы 4 айда 13 […]
Ж.Түймебаев: Ордабасы xалқымыздың руx алатын орнына айналуы қажет
Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағытын жүзеге асыру аясында 100-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, аталған жобалардың аясында Ордабасы тауында да ескерткіш орнатып, туристер келіп тамашалайтындай […]
Ордабасы ауданында түрлі салаға жауаптылар 6 айдың есебін берді
Ордабасы ауданы әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге орай, алдымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Сихымбаева сөз алып, аудан бюджетінің атқарылуын кеңінен талдады. Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ф.Тәшімова, жергілікті полиция […]
Пікір қалдыру