Ордабасыда әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында Ордабасы ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды.Бастаманы қолға алудағы мақсат — отбасы, ошаққасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Орталықта ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін болады.

Орталықтың салтанатты ашылуына аудан әкімі А.Мамытбеков, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі С.Тұрсынбекова, аудан прокуроры Б.Булеулиев арнайы қатысып, пилоттық жобаның маңыздылығына тоқталды.«Ішкі істер бөлімдеріне отбасы ішіндегі жанжалдардың зардабын тартқандар көптеп арызданып жатады. Бұл бүгінгі қоғамымыздың әлсіз тұсы десек, қателеспейміз. Зорлық-зомбылықтың салдарынан бүгінде қоғамда түрлі келеңсіздіктер орын алуда. Шаңырақтар шайқалып, панасыз балалар көбейді. Дұрыс кеңес, көмек ала алмаған қыздар шараналарын далаға тастайтын болды. Қоғамымыздың моралдік құлдырауына жол бермеу мақсатында ашылған бүгінгі сектор өзіне жүктелген міндетті тиісті деңгейде атқарады деп сенеміз»,- деді аудан әкімі А.Мамытбеков.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*