Пайданың көзі – кооперативте. Бүгінде мемлекет тарапынан жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру мақсатында нақты шаралар жүзеге асырылуда. Яғни, Ордабасы ауданында да бұл бағыттағы жұмыстар қарқынмен қолға алынуда. Нәтиже – баршылық. Мәселен, ауданда соңғы 4 айда 13 кооператив құрылған.Оның төртеуі ет, үшеуі сүт, алтауы егін шаруашылығы бағытында жұмыс істейді. Осы ретте, аймақ басшысы Алмасбек Мамытбеков кооперативтерді үлгі ете отырып, жаңашыл бастаманың қыр-сырын талқылады. Сонымен Елбасы Жолдауынан туындаған тапсырмалардың орындалу барысы туралы өткен баспасөз мәслихатында Ордабасы ауданында ауыл шаруашылық саласында 6 млрд. 346 млн. 300 мың теңгенің өнімі өндірілгені жайлы мәлім болды. Бұл туралы мәлімет берген Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков кооперативтің тиімділігіне де тоқталды. Айта кетерлігі, субсидия негізінде ерікті негізде құрылған кооперативке қажетті технологияны береді. Яғни, сүт-ет қабылдайтын қабылдайтын, сақтайтын орын, басқада қажетті ауылшарушылық техникаларын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, мал, егін шаруашылығы өнімі сапасының жақсаруына, оның түрлі стандарттарға сай келуіне керекті дүниелерді алуға да мүмкіндік жасайды. Осы мүмкіндіктер мен жағдайларды бірлесе қолдана отырып, кооперативке ерікті кірген шаруалар бір-біріне көмектесіп, жұмыстарын жүйелеп, делдалға желінбей пайда таба отырып, өз өнімдерін нарыққа өздері шығаруға жол алады. Мәселен, субсидияны бұған дейін ірі шаруа қожалықтардың ғана алуға мүмкіндігі болса ендігі жерде субсидияны орта және кіші шаруалардың алуына толықтай мүмкіндігі бар. Бұл – азын-аулақ малы бар шаруа үшін мал басын өсіруге тиімді болса, азғана жері бар диқанның да шаруасының шырайын ашады.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасыға 7 айда 3 миллиард инвестиция тартылған
Биылғы жылдың 7 айында ауданға тартылған инвестиция көлемі 3 млрд. 753 млн. теңгеге жетіп, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,5 пайызды құрады. Ауданда 57 жобаға бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілуде.АУЫЗ СУ: Бүгінгі таңға 57 елді […]
Ж.Түймебаев кооператив төрағаларына 10 модульді сүт бекетінің кілтін тапсырды
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде. Осы мақсатта облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасымен жыл басынан бері ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мен кооперативтердің артықшылықтары туралы облыстың барлық аудан-қалаларында мамандандырылған көшпелі […]
ОҚО-да 22 кәсіпкер кооператив ашуға ниет білдірді
Оңтүстік Қазақстан облысында кооперативтер құру бағдарламасы бойынша «ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвистициялық орталығы бір айға жуық уақыт аралығында көшпелі семинарлар ұйымдастырылды. Жиналыс барысында облыстың барлық аудан және қалалары қамтылып, кооперативтерді құру, қаржыландыру және субсидиялау бойынша түсіндіру жұмыстары […]
Пікір қалдыру