Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған облыс жастарының балы мен «Үздік жастар премиясы» салтанатты іс-шарасына қатысты. Жастардың арасында мәдениеттілік пен әдептілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған кеште облыс әкімі сөз алып, барша оңтүстікқазақстандық студент жастарды бүгінгі мерекемен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді.«Елімізде қай кезде болмасын жастарға, жас мамандарға үлкен сенім артылып, жастардың өсуіне көптеген жағдайлар жасалуда. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ұлттық руханияттың жаңа тұғыры десек, оны жүзеге асыру бәріміздің алдымызда тұрған басты мақсат. Бүгінде Ұлыстың ұйытқысы атанған — өңірімізді жан-жақты дамыту жолында жігерлі жастарымыздың үлесі бар, әлі де көп еңбек етіп, облыстың дамуына сүбелі үлес қосатындарыңызға сенімдімін. Сіздерге тек еңбекте ғана емес, Тәуелсіз еліміздің мақтанышына айналып, барлық салаларда үлкен жетістіктерге жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін»,-деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы «туалеттер парады»!
Түркістан облысы Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласындағы Ғарышкерлер көшесінде қаз-қатар тұрған әжетханалардан көз сүрінеді. Тұрғындар тіпті, «туалеттер парадын» жасау үшін бір-бірімен жарысып әдейі салғандай әсерде қаласың. Мұндағы жұрт «Садовая» атап кеткен көпқабатты үйлерден тұратын шағын […]
Биыл Түркістан облысының туристік әлеуетін көтеретін көптеген шаралар өтті
Биыл Түркістан облысында ұмытыла бастаған салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту мақсатында және өңірдің туристік әлеуетін көтеру бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, өңірдің табиғи және географиялық ерекшеліктеріне қарай әрбір аудан қалада бір-бірден «Наурыз Қазығұрттан басталады», «Қызғалдақ фестивалі», […]
ТҮРКІСТАН МЕН АЛМАТЫ АРАСЫНДА ТУРИСТІК ПОЙЫЗ ҚАТЫНАЙДЫ
Таяу уақытта Түркістан мен Алматы қаласының арасында жүрдек пойыз бағыты ашылады. Бұл туралы бүгін Түркістан облысы әкімдігінде өткен кездесуде белгілі болды. Шежірелі шаһарға арнайы атбасын бұрған «Тұран экспресс» компаниясы мен «Тұран.тв» телеарнасының бас директоры Роман Ботабеков […]
Пікір қалдыру