Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған облыс жастарының балы мен «Үздік жастар премиясы» салтанатты іс-шарасына қатысты. Жастардың арасында мәдениеттілік пен әдептілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған кеште облыс әкімі сөз алып, барша оңтүстікқазақстандық студент жастарды бүгінгі мерекемен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді.«Елімізде қай кезде болмасын жастарға, жас мамандарға үлкен сенім артылып, жастардың өсуіне көптеген жағдайлар жасалуда. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ұлттық руханияттың жаңа тұғыры десек, оны жүзеге асыру бәріміздің алдымызда тұрған басты мақсат. Бүгінде Ұлыстың ұйытқысы атанған — өңірімізді жан-жақты дамыту жолында жігерлі жастарымыздың үлесі бар, әлі де көп еңбек етіп, облыстың дамуына сүбелі үлес қосатындарыңызға сенімдімін. Сіздерге тек еңбекте ғана емес, Тәуелсіз еліміздің мақтанышына айналып, барлық салаларда үлкен жетістіктерге жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін»,-деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі қоғамдық қабылдауда тұрғындардың мәселесін тыңдады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев партия филиалының бас ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Өңір тұрғындары ауылдық жердегі электр бағаналарының ескіргенін, медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде сөз болды. Сонымен қатар, әйелдер […]
ОҚО әкімі көшбасшы жастармен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Жас Отан» Жастар қанатының ІV Съезі аясында «Жастар Отанға!» саяси лагеріне арнайы қатысу үшін келген көшбасшы жастармен дөңгелек үстел басында кездесті.Кездесуге республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Д.Сүндетбаев, ҚР Дін […]
ОҚО-да алғаш рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. Аграрлы аймақтың шаруалары мемлекеттің қолдауы мен тынымсыз еңбектің арқасында биыл егіс науқанын жақсы көрсеткішпен аяқтады. Мерекелік шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпкерлер, халық […]
Пікір қалдыру