Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев партия филиалының бас ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Өңір тұрғындары ауылдық жердегі электр бағаналарының ескіргенін, медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде сөз болды. Сонымен қатар, әйелдер гендерлік саясатының мәселелерін қаузағанын да айта кеткен жөн. Бұған қоса, Нәзір Төреқұловтың туылғанына 125 жыл толуын атап өту мәсілісі де айтылды. Мұнан өзге, тұрғындар тұрғын үй кезегін жылжыту жөнінде көмек сұрады. Алдына келген әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған өңір басшысы тиісті орындарға тапсырмалар берді.Қоғамдық қабылдауға келген Сайрам ауданы Теспе елдімекенінің тұрғыны зейнеткер Жамалбек Пернеев ауылдағы электр бағаналарының ескіргенін айтып шағымданды. «Ауылымыздағы электр бағаналары әбден тозып, құлаудың алдында тұр. Бұл мәселені көтьеріп, аудан басшылығына да шағым түсіргенбіз. Алайда бұл мәселенің оң шешімі болмау тұр»,- деді зейнеткер Сайрамдық Жамалбек Пернеев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Бәйдібек ауданындағы «Тау Алма Бақ» ЖШС-нің жұмысымен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының потенциалы әлі де болса толық пайдаланылмай келеді. Бұл ретте жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын «Шаян» индустриалды аймағының тиімділігін арттырып, негізгі өндіріс ошақтарын осында шоғырландыру қажет. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің құлшынысын арттыратын […]
Сайрамда ауыл жастарының форумы болып өтті
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында ауыл жастарының форумы өтті. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбымен өткен жиынға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев, […]
ОҚО әкімі төтеншеліктердің арнайы техникаларымен танысты
ОҚО әкімдігі алдындағы алаңда өткізілген «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында жол қызметінің техникалары мен төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жеке құрамның іс-қимыл көрсетілімі ұйымдастырылды. «Жиын» дабылы бойынша жиналған жеке құрам мен техникалары толық дайындыққа келтірілді.Оқу-жаттығу сценариі […]
Пікір қалдыру